Профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Вячеслав Нотанович Локшинмен кездесу
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 90-жылдығына арналған іс-шаралар және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғам қайраткерлері, медицина және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу жоспарына сәйкес 2020 жылдың 29 қаңтарында Даңқ Залында м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Ресей МТА академигі, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, PERSONA халықаралық клиникалық репродуктология орталығының бас директоры Вячеслав Нотанович Локшинмен кездесу өтті. Кездесуге университетіміздің ректоры Т.Нұрғожин және медицина саласындағы белгілі ғалым Алмаз Шарман қатысты. Интернатура және резидентура факультетінің интерндері мен резиденттері, кафедра оқытушылары Вячеслав Нотановичтің «Репродуктивті медицинаның бүгіні мен ертеңі» атты дәрісін қызыға тыңдады. Кездесу білім алушылардың сұрақ қоюымен жалғасты. Кездесу өте қызықты өтті.