«Саналы ұрпақ – салауатты қоғам»: діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша профилактикалық кездесу
2026 жылғы 9 қазанда «Конкордия» театрында «Саналы ұрпақ – салауатты қоғам» профилактикалық форумы аясында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараның спикері – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Жанна Үринбасарқызы Кантарбаева.
Кездесуге 950 студент қатысып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне арналған дәрісті тыңдады. Дәріс барысында жастардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану, радикалды идеологиялардың алдын алу, сыни ойлау қабілетін дамыту және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, экстремистік идеологиялардың қауіптілігі туралы түсінігін қалыптастыру, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ету.
Мұндай профилактикалық кездесулер студенттердің саналы азамат болып қалыптасуына, қоғамдық келісім мен қауіпсіздікті сақтауға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.








