С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Сеул ұлттық университеті халықаралық әріптестікті нығайтуда
2025 жылдың 4 шілдесінде ҚазҰМУ-да Сеул ұлттық университетінің Орыс, Шығыс Еуропа және Еуразиялық зерттеулер институты өкілдерімен ресми кездесу өтті.
Кездесу барысында медицина мен мейіргер ісіндегі ғылыми және білім беру ынтымақтастығын көздейтін Меморандумға қол қойылды.
Корея Республикасынан келген делегация құрамында орыс тілі, медицина және мейіргерлік ісі бағыттары бойынша жетекші мамандар болды. Олардың қатарында профессор Пак Чжон Со, профессор Чэ Сон Ми, профессор Чой Хи Сынг және басқа да білікті ғалымдар бар.
ҚазҰМУ атынан кездесуге университеттің бірінші проректоры Диляра Кайдарова, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Ардақ Нұрбақыт, сонымен қатар мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Сұлтан Сейдуманов және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің мамандары кездесуге қатысты
Кездесудің маңызды бөлігі ретінде ҚазҰМУ оқытушыларымен және сарапшыларымен мейіргер ісі, медициналық білім беру және практика мәселелері жөніндегі сұхбаттар мен пікірталас сессиялары өткізілді. Сондай-ақ қонақтар тәжірибелі мейіргерлермен және университет студенттерімен жүздесті. Тараптар өзара тәжірибе алмасып, білім беру мен клиникалық практикаға инновациялық тәсілдерді енгізу перспективаларын талқылады.
Талқылаулар барысында мейіргер мамандарын даярлаудағы заманауи көзқарастар, білім беру бағдарламаларының сапа стандарттары, құқықтық реттеу мәселелері және клиникалық мекемелердегі нақты жұмыс тәжірибелері басты назарға алынды.
Тараптар қол қойылған Меморандум екі университет арасындағы мейіргерлік білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы тұрақты ынтымақтастықтың негізі болады деген сенім білдірді.