«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» Акционерлік қоғамының ( «АГжәнеПҒО» АҚ) Басқарма Төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу өткізілетіні туралы хабарлайды
Лауазым атауы: Басқарма Төрағасы (лауазымның сипаттамасы қосымшада)
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050020, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 125.
Есеп береді: Директорлар кеңесіне
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Акушерлік, гинекология және перинатология саласындағы медицина ғылымының басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
Ана мен перинаталдық өлім-жітімге талдау жүргізу, босандыру мекемелеріне акушерлік, гинекология және перинатология мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық және құқықтық құжаттарды, бұйрықтарды, халықаралық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Әйелдердің репродуктивтік және пострепродуктивтік денсаулығын, сондай-ақ жасөспірім қыздардың денсаулығын сақтау бойынша жоғары технологиялық емдік, стационарлық және емханалық көмек көрсету;
«Акушерлік және гинекология», «Медициналық генетика» мамандықтары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру, босандыру мекемелерінде жұмыс істейтін акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, медициналық генетик, ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері мен терапевтердің, патоморфологтардың біліктілігін арттыру және резидентура арқылы жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау;
Акушерлік, гинекология және перинатология саласындағы ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді (ғылыми еңбектер жинақтарын, ғылыми журналдарды, монографияларды, әдістемелік және нұсқаулық құжаттарды, оқу және санитарлық-ағарту әдебиеттерін) әзірлеу және басып шығару;
Акушерлік, гинекология және перинатология мәселелері бойынша ұйымдармен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастықты орнату;
Медицина ғылымының жетістіктерін босандыру мекемелерінің практикасына енгізу;
АҚ Жарғысына сәйкес қызметтің басқа да түрлері.
Құжаттарды барлық ниет білдірушілер, соның ішінде бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылмаған және келесі біліктілік талаптарына жауап беретін шетел азаматтары да тапсыра алады:
Білімі:
Медицина саласындағы жоғары білім, сондай-ақ экономика/қаржы және несие/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау»/ «Денсаулық сақтау менеджменті»/ «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің не ғылыми дәрежесінің/PhD докторы дәрежесінің болуы;
немесе
экономика/қаржы немесе несие/құқық/бизнес әкімшілендіру саласындағы жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы.
Жұмыс тәжірибесі:
Денсаулық сақтау саласындағы басқарушылық лауазымдардағы жұмыс өтілі — кемінде 5 жыл, соның ішінде:
-Қызмет ауқымы мен күрделілігі жағынан «АГжәнеПҒО» АҚ-мен тең келетін медициналық ұйымның (клиника / ғылыми медициналық орталық) бірінші басшысы рөліндегі жұмыс тәжірибесі — кемінде 3 жыл;
-Қызмет ауқымы мен күрделілігі жағынан «АГжәнеПҒО» АҚ-мен тең келетін компанияда Директорлар кеңесінің және/немесе Байқау кеңесінің төрағасы/мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі (болғаны дұрыс);
-Компания қызметін ауқымды түрде қайта құруды іске асырудағы табысты тәжірибе (болғаны дұрыс);
-Бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласындағы табысты тәжірибе (болғаны дұрыс);
-Компанияға озық технологияларды енгізу тәжірибесі (болғаны дұрыс);
– Пациентке бағдарланған мәдениетті енгізу тәжірибесі (болғаны дұрыс).
Білімі мен дағдылары:
– Стратегия құру, жоспарлау және бірнеше функциялар мен процестерді интеграциялау деңгейіндегі дәлелденген басқарушылық дағдылар;
– Медициналық қызметтерді тиімді көрсету, оқытудың клиникалық базасын ұйымдастыру және персоналды дамыту саласындағы үздік практикалар мен технологияларды білу;
– Қызметті үздіксіз жетілдіру, бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласындағы білім, бизнестің операциялық және ұйымдастырушылық моделінің тиімділігін арттыру принциптерін білу;
– Жаһандық салалық трендтерді білу, ҚР және «АГжәнеПҒО» АҚ-ның серіктес елдерінің нарықтық конъюнктурасын түсіну;
– Жұмыста басқа компаниялардың және бизнестің өзге салаларының үздік тәжірибесін қолдана білу;
– Келіссөздер жүргізу дағдылары (көз жеткізе білу, өзара тиімділікті іздеуге бағдарлану) және дамыған коммуникациялық дағдылар (басшылармен және еңбек ұжымымен қарым-қатынас жасау);
– Жергілікті және халықаралық деңгейде денсаулық сақтау саласында жоғары деңгейдегі кең байланыс желісінің (контактілердің) болуы (болғаны дұрыс);
– Ағылшын тілін еркін меңгеру.
Құзыреттер:
- Күрделі міндеттерді шешу
- Команданы қалыптастыру және дамыту
- Кәсіби мамандарды іздеу және тарту
- Өзара тиімді серіктестік орнату
- Өзгерістерді басқару
- Көшбасшылық
Үміткерлер электрондық және қағаз тасымалдағыштарда келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1 Іріктеуге қатысу туралы өтініш;
2 Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі фотосуреті бар түйіндеме (резюме);
3 Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтардың берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
4 Жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі;
5 Белгіленген тәртіппен берілген соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
6 Соңғы үш жылдағы қызметінің нәтижелері және «АГжәнеПҒО» АҚ-ны дамыту пайымы (алдағы 5 жылға арналған ұсыныстар);
7 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығы туралы анықтама.
Үміткерлер сондай-ақ өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелерін, мінездемелерді, ұсынымдарды, ғылыми жарияланымдарды және т.б.) ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау «ҚазҰМУ» КеАҚ интернет-ресурсында Іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қ., Төле би көшесі, 94, 1-корпус, 104-кабинет.
Анықтама телефондары: 338-76-00 (ішкі 7080), [email protected]
338-70-30 (ішкі 71-97)
Әңгімелесу өткізілетін орын мен күн: Алматы қ., Төле би көшесі, 94, 1-корпус, 3-қабат.
Ескертпе. Бастапқы скринингтен (алдын ала іріктеуден) өткен үміткерлер «ҚазҰМУ» КtАҚ Директорлар кеңесі бекіткен Комиссиямен әңгімелесуден өтеді.


