«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың жариялайды
Бос лауазымның атауы:
– «Ақсай» балалар орталығының бас дәрігері – 1 бірлік.
Негізгі талаптары:
- «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткендігі туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе Executive MBA (экзекьютив MBA) немесе Full-time MBA дәрежесі.
- Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
- Тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
Лауазымдық міндеттері:
- Орталықтың өндірістік және шаруашылық қызметіне басшылық етеді, қабылданатын шешімдерге, мүліктің сақталуына және оны тиімді пайдалануға толық жауапкершілік атқарады.
- Денсаулық сақтау ұйымының өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылық жасауды қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастырады.
- Халыққа уақтылы және білікті медициналық көмек көрсету, білім беру және ғылыми қызмет бойынша ұжымның жұмысын ұйымдастырады.
- Орталықтың емдеу-диагностикалық қызметін жоспарлау бойынша ұйымдастырушылық жұмысты жүзеге асырады.
- Диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
- Орталықтың емдеу қызметіне талдау жүргізу, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау бойынша жұмысты ұйымдастырады, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды айқындайды. Медициналық техниканы ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.
- Емдеу және профилактикалық көмекті, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша тиімді шаралар қабылдайды.
- Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитариялық қағидалар мен нормалардың, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етеді. Халыққа санитариялық-гигиеналық тәрбие беру жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды және олардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
- Медициналық кадрларды ұтымды орналастыруды және олардың еңбегін ұйымдастыруды, кәсіби білімі мен тәжірибесін дамытуды қамтамасыз етеді.
- Орталық қызметінің статистикалық есебін жүргізуді және ол туралы есептілікті ұсынуды ұйымдастырады.
- Орталықты тиімді басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысады, ол оның дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі нақты шараларды қамтиды.
- Қызметті дамыту процесін бағалау және мониторингтеу нәтижелері бойынша менеджмент сапасын бағалауды қамтамасыз етеді.
- Жұмыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдайды, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізеді.
- Орталықты дамыту стратегиясын таңдайды және басымдықтарын айқындайды, мақсаттарға қол жеткізу әдістерін белгілейді, мақсаттарды таңдауды негіздейді.
- Мақсаттарға қол жеткізу құралдарын айқындайды, Университеттің стратегиялық жоспарлауын ұйымдастыруға қатысады.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7022, 7024 телефоны арқылы алуға болады.


