«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті » коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымына кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды
Лауазымның атауы: Басқарма төрағасы (лауазым сипаттамасы қосымшада)
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, Әл Фараби даңғылы, 146.
Есептілігі: Директорлар кеңесіне
Ұйымның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
- Халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған медициналық ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
- Балаларға тегін медициналық көмектің кепілді мөлшерінде мамандандырылғын және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету;
- Отандық және шетелдік ұйымдар шығарған жаңа дәрілік құралдарға клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысу;
- Республиканың емдеу-сауықтыру мекемелеріне педиатрияның және балалар хирургиясының мәселелері бойынша ұйымдық-әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету және кеңес беру;
- Педиатриялық қызметті дамытудың тұжырымдамасын және ғылыми-техникалық бағдарламасын және стратегиясын әзірлеуге қатысу.
- Балалар денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі бағдарламаларға мониторинг, кешенді талдау және сараптамалық бағалау жүргізуге қатысу және олардың тиімді орындалуы үшін ұсыныстар беру;
- Балалар ауруларының диагностикалау, емдеу және алдын алуды жетілдіруге және жаңа технологияларын (әдістерін) әзірлеуге қатысу;
- Резидентура арқылы дипломнан кейінгі білім беру, дәрігерлердің және орта медициналық персоналдың түрлі мамандықтары бойынша қайта даярлау, біліктілікті арттыруға қатысу;
- Жарғысына сәйкес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Құжаттарды бұрын жемқорлық құқық бұзушылық әрекеті үшін жауаптылыққа тартылмаған және келесі біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық ниет білдірген азаматтар, сонымен бірге шетелдік азаматтар да тапсыра алады:
Білім:
Медицина саласындағы жоғары білімінің болуы, сонымен бірге экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің/PhD докторы дәрежесінің болуы
немесе
экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;
Жұмыс тәжірибесі:
Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы, соның ішінде:
- Қызмет аумағын және күрделілігін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығымен салыстыруға болатын медициналық ұйымның (клиниканың) бірінші басшы қызметіндегі 3 жылдан кем болмайтын тәжірибесі;
- Қызмет аумағын және күрделілігін аталған ұйыммен салыстыруға болатын компанияның Директорлар кеңесінің не/немесе Қадағалау кеңесінің төрағасы/мүшесі ретіндегі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Компания қызметінде ауқымды қайта құруларды жүзеге асырудағы нәтижелі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласында нәтижелі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Компанияда озық технологияларды енгізу тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Пациентке бағытталған мәдениетті енгізу тәжірибесі.
Біліктілік, дағдылар:
- Стратегияны айқындау, бірнеше қызмет пен процесті жоспарлау және интеграциялау деңгейіндегі басқарушылық дағдылардың болуы;
- Медициналық қызметтерді тиімді көрсету, клиникалық базаны ұйымдастыру және персоналды дамыту саласындағы үздік тәжірибелер мен технологияларды меңгеру;
- Қызметті үздіксіз жетілдіру, бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласындағы біліктілік, бизнестің шұғыл және ұйымдық үлгілерін меңгеру;
- Ғаламдық салалық трендтерді білу, Қазақстан Республикасының және аталған ұйымның серіктес елдерінің нарық жағдайларын меңгеру;
- Жұмыс барысында басқа компаниялар мен бизнестің басқа салаларының озық тәжірибелерін пайдалана білу;
- Келіссөз жүргізу дағдылары (сендіре білу, өзара тиімді іске бағдарлау) және дамыған қарым-қатынас дағдылары (басшылармен және еңбек ұжымымен байланыс);
- Жергілікті және халықаралық деңгейде жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау желілерімен кең байланыс орнату (мүмкіндігінше)
- Ағылшын тілін еркін меңгеру.
Құзіреттіліктер:
- Күрделі мәселелерді шешу;
- Команда құру және дамыту;
- Кәсіби мамандарды іздеу және тарту;
- Өзара тиімді серіктестік құру;
- Өзгерістерді басқару;
- Көшбасшылық.
Үміткерлер келесі құжаттарды электронды және қағазға басылған түрде тапсырулары тиіс:
- Іріктеуге қатысу туралы өтініш;
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын ттілдеріндегі түйіндеме фотосуретпен;
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімі және кәсіби даярлығы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері;
- Жеке куәліктің (төлқұжаттың) көшірмесі;
- Белгіленген тәртіппен берілген сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама;
- Соңғы үш жылдағы қызметінің нәтижесі (жеке жетістігі);
- Акционерлік қоғамды алдағы 5 жылда дамыту болашағы туралы жоспары .
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 108 кабинет. Анықтама алу үшін телефон: 3387080, 87026467871, электронды пошта [email protected]
Сұхбат жүргізу уақыты мен орны:. Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 3 қабат
Ескерту. Бастапқы скринингтен (алдын-ала таңдаудан) өткен үміткерлер «ҚазҰМУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі бекіткен Комиссияда сұхбаттасудан өтеді.