С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуға қатысты
14 мамыр күні сағат 11:00-де С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Алматыдағы жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға қосылды. ЖОО-ның адамдар көп шоғырланған объект ретіндегі ерекшелігін ескере отырып, мұндай жаттығуларды үнемі өткізу өте маңызды. Оқу-жаттығудың басты мақсаты-төтенше жағдайлар туындаған кезде қызметкерлер мен білім алушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарын пысықтау. Іс-шара барысында эвакуация сәтті жүргізілді. Сондай-ақ, еңбекті қорғау, азаматтық қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі бөлімінің мамандары қатысушыларға жер сілкінісі кезіндегі тәртіп ережелері туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар берді.
Не істелді:
- ЖОО ғимараттарынан эвакуациялау сәтті пысықталды.
- ЕҚ, АҚ және ҚТ, ӨҚ бөлімі түсіндірме әңгімелер өткізді.
- Ұжым мен студенттерге жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл алгоритмі еске салынды.
Біз кез келген сынаққа дайынбыз! Күш-білім мен келісімде!









