«Таза Қазақстан – 2026» бағдарламасы аясында мастер-класс
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы «Таза Қазақстан – 2026» тұжырымдамасы аясында студенттерге арналған мастер-класс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару, экология мен қоғамдық денсаулықтың өзара байланысы туралы білімдерін арттыру, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын насихаттау.
Мастер-классқа Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының ғылыми және білім беру саласымен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы Касыметова Бахытгуль Техниковна, «Жасыл Алматы» жоба офисінің өкілі, эколог Сайлаубекова Пакизат, EcoJurekAlmaty экологиялық қозғалысының өкілі Яцун Марина Викторовна, сондай-ақ Recycle Birge ұйымының коммуникациялар менеджері, КБТУ докторанты Комекбаева Перизат қатысты.
Спикерлер экологиялық мәдениет, тұрақты даму, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және экологиялық өмір салты тақырыптары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық- профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттері қатысты.
Қоршаған ортаның тазалығы – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Табиғатты қорғау өзімізден басталады.










