«Тамыз конференциясы-2026» конференциясының екінші күні
«Тамыз конференциясы-2026» конференциясының екінші күні тәжірибе алмасуға, оқытудың заманауи тәсілдеріне, цифрлық трансформацияға, сондай-ақ кәсіби және басқарушылық құзыреттерді дамытуға арналды.
Сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін профессор-оқытушылар құрамына (ПОҚ), кураторларға, менторларға, басшылар мен университет қызметкерлеріне арналған бірқатар тақырыптық шеберлік сабақтары өтті.
Қатысушылар оқытудың заманауи әдістерімен, оқу контентін жаңарту тәсілдерімен, білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерімен танысып, сондай-ақ кураторлық пен көшбасшылықты дамыту және білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.
Шеберлік сабақтары практикалық шешімдермен, кәсіби тәжірибемен және білім беру үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерімен алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.














