«Таңдалатын жауабы көп тест сұрақтарын әзірлеу әдістемесі» Семинар – тренинг
«Денсаулық сақтау» бағытындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалаудың тесттері мен емтихан материалдарын әзірлеу бойынша қызметкерлер мен ПОҚ-ды оқыту жалғасуда.
Практикалық тапсырмалар барысында курс тыңдаушыларына тест әзірлеу кезеңдері, бірнеше жауабы бар тест сұрақтары: түрлері, форматы, жазу ережелері, сондай-ақ күрделі тақырыптарға тест сұрақтарын жазылу ерекшеліктері (этика, коммуникация және т. б.) жайлы ақпарат берілді.