«Терапия саласының қазақша терминдерін біріздендіру мәселелері» республикалық терминологиялық конференция 2024 жыл, 8 қараша
ҚР ДСМ 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №885 бұйрығының «2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» 2-қосымшасының 2-тармағын орындау мақсатында 2024 жылғы 8 қарашада С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ҚР ДСМ терминологиялық комиссия төрағасының орынбасары, ҚазҰМУ терминологиялық комиссия төрағасы, патологиялық анатомия кафедрасының профессоры Жауғашты Байназарұлы Ахметовтың 80 жылдығы және Республикалық терминлогиялық комиссиясы салалық секциясының мүшесі, С.Р.Қарынбаев атындағы анатомия кафедрасының профессоры Бауыржан Шәкенұлы Шәкеновтың 70 жылдық мерейтойларына орайластырылған «Терапия саласының қазақша терминдерін біріздендіру мәселелері» атты республикалық терминологиялық конференция өтті.
Конференцияға ҚР ДС, ҒжЖБ министрліктерінің салалық терминологиялық комиссиясы, терминологиялық саланың мелмекеттік уәкілетті органдары, медициналық ЖОО-лардың, білім беру және ғылыми ұйымдардың оқытушы-профессорлары практик дәрігерлер, жетекші сарапшылар, лингвист-ғалымдар, қоғам қайраткерлері, аудармашылар, әдіскерлер, тіл мамандары, медицина терминдерінің жанашырлары қатысты.
Конференцияны Университеттің проректоры У.М. Датхаев салтанатты түрде ашты. Терапия саласының терминдері қызу талқыға түсіп, қатысушылар өз баяндамаларын осы салаға арнады.
Конференция келесі бағыттарда жұмыс жасады:
- Терапия саласының терминдерін бекіту;
- Терапия саласының қазақ тіліндегі оқу құралдарына, тесттерге талдау жүргізу;
- Медициналық ЖОО-лардың терминологиялық топ жетекшілері мен мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі (ақпаратпен алмасу, ой бөлісу, өзара-іс-қимыл, жұмыстыру үйлестіру бағытында жұмыс жүргізу);
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Жауғашты Байназарұлы Ахметовтың және С.Р.Қарынбаев атындағы анатомия кафедрасының доценті Бауыржан Шәкенұлы Шәкеновтың еңбектерінің көрмесі;
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Жауғашты Байназарұлы Ахметовтың және С.Р.Қарынбаев атындағы анатомия кафедрасының доценті Бауыржан Шәкенұлы Шәкеновтың шәкірттерінің сөз сөйлеуі, құттықтаулар;
- Университеттің морфологиялық ғимаратын аралау, университеттің симуляциялық орталығымен танысу;
- Практикалық жұмыс, терминдерді талқылау;
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/терапия-саласының-қазақша-терминде-3/