ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА
ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА
(академик Төрегелді Шарманов туралы)
2018 жылдың 23 қарашасында сағат 15.00-де «ҚР Ұлттық кітапханасында» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Ресей медицина ғылымының академигі, Қазақстанға еңбек сіңірген қоғам қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының Президенті Төрегелді Шармановтың «Қас-қағым» атты кітабының тұсаукесері өтті.
ҚР Ұлттық кітапханасының әкімшілігі Төрегелді Шармановтың жаңа кітабының және басқа да ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл тұсаукесер іс-шараның модераторы медицина ғылымдарының докторы, профессорС. Асфендияров атындағы ҰМУ ректоры Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы болды.
Бұл шараға Қазақстанның қоғам қайраткерлері, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың, Қазақ тағамтану академиясының, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» РМК-нің ғалымдары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, 1 және курс студенттері қатысты.
Алғашқы сөз ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Сейдуманов Жанат Тұрарұлы Сейдумановқа ұсынылды. Баяндамашы ғалымның үлесі туралы және де осы көрмені дайындау барысында кітапхана қорындағы ғалымның 360-қа жуық басылымның авторы, оның ішінде 49 монография, 46 өнертабысы бар. Ғылыми жетекшілік етуімен 44 докторлық, 170 кандидаттық диссертация қорғалды. Ал осы Ұлттық кітапхананың қорында 50-ден астам кандидаттық пен докторлық диссертация қорғаған жас ғалымдардың авторефераттарымен бірге, өзге де ғылыми еңбектері жіктеліп, көрмеге ұсынылғандығы жайлы атап өтті.
Кітаптың тұсаукесер рәсіміне арнауды Орманбеков Таңжарық домбырамен орындап берді.
Бұл іс-шара барысында сөз сөйлеген қонақтар «Атамұра» Корпорациясының Президенті Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы аталмыш кітапты дайындау және шығару жұмысы туралы ой бөлісті.
Академик Төрегелді Шармановтың әріптесі, профессор, ҚР ДСМ «Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» РМК директоры Кайдарова Диляра Радиковна, кинорежиссер, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азимов Сергей Жұмабайұлы, профессор, Қазақ тағамтану академиясының академигі, досы Ахметов Алдаш Ахметұлы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің деканы Буралхиев Батырхан Азимханұлы өмір жолы мен еңбектегі қолжеткізген жетістіктері жайлы пікір бөлісті.
Қорытынды сөзді Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Ресей медицина ғылымының академигі, Қазақстанға еңбек сіңірген қоғам қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының Президенті Төрегелді Шарманов алып, келесідей пікірін білдірді: «Әр адамның өмірі бір салынған самал әуендей, атылған адуын жырдай, күмбірлеген күміс күйдей, сыздықта басталып, толқындай иірімденіп, буырқанып, қыран құстай қалықтап, ашық аспан астында күн мен адың нұына шосылып, әлемге үнін естіртіп, Тәңірдің пешенеге жазуымен тайталас-тартыс жетегінде жүргенде сынаптай сырғып өтетін, ешкімнің уысында мәңгі қалмайтын, әр көңілде арман болып ұялап, бақиға аттанатын бір тылсым дүние.Адам Ата мен Хауа Ана заманынан бері қаншама дәуір дүбірлеп өткенімен, адам жанының құпиясы жұмбақ күйінде қала бермек. Адам баласы өзіне белгіленген уақыт-өмірін сүріп, өнерін көрсетіп, қайтадан аспандағы көп жұлдызға айналатындай, айналмалы тылсым дүниедегі бір қонақ тәрізді. Ешбір жанға өмірге келуінің сыры жайлы түсінік берілмеген, бойына біткен күш-қуаты, жігер-дарыны, қаны мен қасиетіне сай жер бетіндегі өзіне дайындалған рөлін сомдап, тек өзіне арналған сый-сыяпатын, қуаныш-бақытын иемденіп, тауқыметі мен қияметін арқалап, тоқтауды білмейтін уақыт диірменіне түсіп кете баратын жалпы адамзат баласының ғұмыры мәңгілік сапар үстінде десе болар. « Өздеріңіз куә болған ой-пікірден академик Төрегелді Шарманов жайлы тек ғалым, қоғам қайраткері,ұстаз, өнегелі тұлға, еңбек жолында ауыл дәрігері болып бастап, еліміздің денсаулық сақтау министріне дейінгі қызметтердің барлығын абыроймен атқарып, жұртшылықтың шынайы алғысы мен құрметіне бөленіп келе жатқан атақты тұлға ғана емес, данышпан, философ, иманды тұлға екендігі сөзсіз.
Кейінгі жастарымыз әрдайым осындай абзал ағамыздың жолын ұстап, өнегесін үлгі тұтып өседі деп сенеміз.
Тілдер пәндер кафедрасының аға оқытушысы З.Қ.Кокенова