Университет белсенділері ҚазҰМУ-да Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді
2016 жылдың 15-16 қараша күндері С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, КазМСА-ҚазҰМУ Жергілікті комитетінің ұйымдастыруымен, Студенттермен жұмыс басқармасының қолдауымен және халықаралық студенттердің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» және «Алматы қаласының 1000 жылдығына» арналған «Ұлт денсаулығы табысты болашағымыздың негізі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Конференция барысында, Қазақстан Республикасының 9 медициналық жоғарғы оқу орындарынан, Қырғыстан және Ресей мемлекеттерінен студенттер онлайн түрде хирургиялық тігу сабақтарына қатысты. Әрбір жоғарғы оқу орындарының КазМСА Жергілікті Директорлары құттықтау сөздерін айтып, ризашылық білдіріп, алдағы уақытта медицинаның дамуына үлес қосатын Қазақстан жастарына сенімін білдірді.
Конференцияның ашылу салтанаты С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Тәжірибелік дағдылар орталығында тәрбие жұмысы, әлеуметтік сұрақтар мен халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректоры Р.Т Джумашеваның, сондай-ақ КазМСА-ҚазҰМУ директоры Н.Х Нарзулланың алғы сөзімен басталды.
Ғылыми конференцияның бірінші күні, 15 қараша 2016 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» және студенттер және интерндерге бөлінген «Медициналық ғылымдар» атты екі бағытта өтті. Қоғамдық денсаулық сақтау бағыты бойынша 7 баяндама, медициналық ғылымдар бойынша 37 баяндама оқылды. Әр баяндама медицинаға жаналық енгізерліктей қызықты болды. Пленарлық оқулардағы ғылыми жұмыстарын университетіміздің жоғары санатты оқытушылары мен медицина ғылымының кандидаттары бағалады. Таласта тартысты болған конференцияда, қатысушылар арасында сұрақтар қойылды.
Ең негізгі қызықты сәттердің кезі түскі ас мезгілі. Себебі, қатысушыларды ең керемет тосын сый күтті. Тосын сый Аслан Байзаханов ұйымдастырған «MedTalks» болды. «MedTalks»-та қаламыздың Қымбат Байсекен, Аким Хазыреталиевич және Болат Тыныбеков секілді ең үздік спикерлері сөз сөйледі. Олар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, медицина жастарын білікті маман болуға ынталандырды.
Сонымен қатар, университет бойынша экскурсия жүргізіліп, ҚазҰМУ тарихи мұражайымен таныстырылды.
Конференцияның екінші күні, 16 қараша 2016 жылы, медициналық білім мен дағдыны арттыратын мастер класстар өткізілді. Соның бірі Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицинаның ғылыми зерттеу институтында «Хирургиялық тігулер және лапароскопия» бойынша тәжірибелік сабақ өткізіліп, Тәжірибелік дағдылар орталығында конференция қонақтарына онлайн түрінде көрсетілді. Екіншіден, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жанындағы “Ішкі аурулар” клиникасында Алғашқы Медико-Санитарлық Көмектің өзекті мәселелері мен Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау саласы туралы дәрістер оқылып, қызу талқылау болды.Тренинг,ұжыммен жұмыс істеуді үйретіп, өз ойымен бөлісуге мүмкіндік берді. Үшіншіден, Дж.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығында «Өзіңді өзің басқар» атты тренинг өтті.
Конференцияның қорытындылау кешінде «Concordia» театрында концерттік бағдарламалар мен ғылыми жұмыстардың нәтижесі бойынша секциялар бойынша үздік баяндамалар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Конференцияның негізгі демеушісі «Аманат» студенттік кәсіподақ болғанын айта кеткен жөн. Бұндай конференциялар ақпарат және тәжірибе алмасудың тиімді алаңы ғана емес, бұл Университетіміздің де беделін, дәстүрін байытатыны сөзсіз.