Қазақ ұлттық медицина университетінде -52 градуста қорғайтын аязға қарсы жаңа крем таныстырылды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Asfen.forum, жаңа ұрпақ-2023» аясында ұйымдастырылған технологияларды коммерцияландыру реакторы өтті. Жас ғалымдар келген бизнес серіктестерге ғылыми жобаларын көрсетті. Медицина ғылымы саласындағы 12 жоба бірлескен қаржыландыруға және одан әрі гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім беру үшін бизнесмендерге таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Зоология институтының» биология ғылымдарының докторы Наталья Ли теріні аяздан, күннен және құрғақ ауадан қорғайтын Cryoprotect өнімін ұсынды. Өнімнің құрамына қыстайтын жәндіктерден алынған табиғи криопротекторлар кіреді. Бұл заттар экологиялық экстремалды қоршаған ортаның әсерінен терінің су балансын сақтайды.
Өнім иісі байқалмайтын алтын түсті крем болып табылады. Ол адам терісін 52 градусқа дейін төмен температура жағдайында аязда ауаның жоғары құрғақтығынан және таулардың шыңдарында күн радиациясынан қорғайды.
Команда патент алуды жоспарлап отыр, сынақ сатылымдары жүргізілді және «Озонға» арналған сынақ партиясы дайындалды, Балалар әлемі маркетплейсімен келісім жасалды және L’Etoile компаниясынан серіктестік туралы ұсыныс алынды. Жоба 250 миллион теңге көлемінде қаржыландыруды қажет етеді.
«Asfen.Forum, жаңа ұрпақ -2023» 1-ші халықаралық форумы Қазақ ұлттық медицина университетінде 5-6 маусымда өтті. Форум өз инновациялық жобаларын ұсынуға, өз идеяларын жүзеге асыру үшін бизнес серіктестермен кездесуге мүмкіндік алатын әлемнің 20 елінен келген медицина және денсаулық сақтау саласындағы жас дарынды ғалымдарды біріктірді.
Форум халықаралық, пәнаралық және маңыздысы – жастарға арналады. Бұл барлық қатысушыларға тың көзқарастары мен идеяларымен бөлісуге, ғылымның дамуына жаңа энергия әкелуге бірегей мүмкіндік болды.
Қазақ ұлттық медицина университетінде ғалымдарды материалдық ынталандыру шаралары үнемі енгізіліп отырады, ғылыми зерттеулерге қаражат бөлінеді, тек 2022 жылдың өзінде ҚазҰМУ-да ғылыми-зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру 7,91 миллиард теңгені құрады. Университет жоспарында ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін технопарк құру бар.