Қазақ ұлттық медицина университетінде ҚНК нәтижелері бойынша үздік оқытушылар мен кафедралар анықталды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2023 жылдан бастап профессорлық-оқытушылар құрамды ынталандырудың жаңа жүйесі енгізілді. Қағидаларға сәйкес профессорлық-оқытушылық құрам мен кафедралардың қызметінің әртүрлі көрсеткіштері бағаланады. Талдау қорытындысы бойынша үздік оқытушылар мен кафедралар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Қызметтің негізгі көрсеткіштерінің нәтижесі бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы үздік кафедра ретінде танылды, ҚНК рейтингінде екінші орынды Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті кафедрасы иеленді. Фармация және клиникалық фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономика кафедрасы үздік үштікке енді. Профессорлық-оқытушылық құрам ҚНК қорытындысына сәйкес Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасының оқытушысы А.К.Бошкаева үздік деп танылды, рейтингте екінші орынды амбулаторлық-емханалық педиатриядан Ж.Ж. Нургалиева иеленді, ал үшінші орынды профессор Г.И.Зальцман атындағы психиатрия және наркология кафедрасынан Э.Т Жусупова иеленді.
Үздік оқытушылар мен үздік кафедра меңгерушілері «ҚазҰМУ чемпионы» және «ҚазҰМУ көшбасшысы» атақтарымен дипломдармен марапатталды.
ҚазҰМУ көшбасшылары:
- Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы
- Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті кафедрасы
- 3. Фармация және клиникалық фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономика кафедрасы
- Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы
- Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
- 6. Жүйке аурулары кафедрасы
- 7. Н.А. Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасы
- 8. Клиникалық генетика курсы бар акушерлік және гинекология кафедрасы
- 9. Микробиология, вирусология кафедрасы
- 10. профессор Г.И. Зальцман атындағы психиатрия және наркология кафедрасы
ҚазҰМУ чемпиондары:
- Бошкаева А.К. Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы
- Нургалиева Ж.Ж. Амбулаторлық педиатрия кафедрасы
- Жусупова Э.Т. профессор Г.И. Зальцман атындағы психиатрия және наркология кафедрасы
- Саяқова Г.М. Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы
- Тлеубаева М.И. Фармация және клиникалық фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономика кафедрасы
- Нургалиева Б.К. Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы
- Қизатова М.Ж. Фармацевтикалық технология кафедрасы
- Ижанова А.К. Ішкі аурулар кафедрасы
- Сугралиев А.Б. Ішкі аурулар кафедрасы
- Сенгирбаев Д.И. Урология кафедрасы