Қазіргі заман батырлары: ҚазҰМУ-да Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесу өтті
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Қазіргі заман батырлары» атты патриоттық кездесу өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері – «Айбын» орденінің III дәрежелі кавалері, майор Жандос Қамардинұлы Баянбаев, аға сержант Өркен Ерболұлы Мәжіт және қатардағы жауынгер Төленби Нұрғалиұлы Әбілдә қатысты.
Кездесу студенттер мен мектеп оқушылары үшін Ұлттық ұлан қызметшілерінің жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Қатысушылар әскери қызметтің ерекшеліктері туралы ақпарат алып, сұрақтарына жауап алды.
Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі концерттік бағдарлама ұсынды. Оркестрдің орындауында патриоттық шығармалар шырқалды.
Іс-шарадан кейін қатысушылар қару-жарақ көрмесін тамашалап, әскери қызметшілермен еркін форматта әңгімелесті.
Мұндай кездесулер жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруға және отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.































