ҚазҰМУ-де «ЖИ медицинадағы рөлі, Толық адам, Таза Қазақстан: пікірталас алаңы – 2026» атты факультетаралық дебат турнирі өтті
2026 жылғы 28 қазанда сағат 14:00-де С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің № 7 оқу ғимаратындағы № 6 аудиторияда университет студенттері арасында «ЖИ медицинадағы рөлі, Толық адам, Таза Қазақстан: пікірталас алаңы – 2026» тақырыбында факультетаралық дебат турнирі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің жасанды интеллектінің медицина саласындағы мүмкіндіктері мен өзекті мәселелері жөніндегі білімін тереңдету, «Толық адам» тұжырымдамасы арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Сонымен қатар турнир жастардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін және пікірталас жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталды.
Турнирдің негізгі міндеттері: жасанды интеллектінің медицинадағы рөлі мен даму перспективаларын талқылау, «Толық адам» тұжырымдамасының қазіргі қоғамдағы маңызы мен құндылықтарын ашу, «Таза Қазақстан» бастамасының экологиялық және қоғамдық маңызын түсіндіру, студенттердің өз ойын жүйелі жеткізу, дәлелді пікір айту және қарсы тараптың көзқарасына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, болашақ медицина мамандарының кәсіби этикасы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.
Турнирді ҚазҰМУ студенттік дебат клубы ұйымдастырды. Іс-шараға университеттің төрт факультетінен сегіз фракция қатысып, өзара білім, тапқырлық және шешендік өнер тұрғысынан сынға түсті. Парламенттік дебат форматында өткен пікірсайыстар барысында қатысушылар өз ұстанымдарын дәлелдеп, өзекті мәселелер бойынша ой бөлісіп, қарсы пікірлерге уәжді жауап берді.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Медицина факультеті
«Парадокс» фракциясы: Асқар Саят, Қалмаханбет Балым.
ІІ орын – Стоматология факультеті
«Ерте көктем» фракциясы: Сағидуллаева Әселай, Абдуллақызы Шұғыла.
ІІІ орын – Медицина факультеті
«concha nasalis» фракциясы: Ұзақбаев Әлібек, Қалдыбай Мереке.
Сонымен қатар турнирге қатысқан бес фракция арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Факультетаралық дебат турнирі студенттердің зияткерлік әлеуетін арттыруға, академиялық пікірталас мәдениетін қалыптастыруға және болашақ медицина мамандарының қоғамдық маңызы бар мәселелерге белсенді қатысуына ықпал етті.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенділіктері мен жоғары дайындықтары үшін алғыс білдіреді. Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!







