ҚазҰМУ инсульттан кейінгі оңалту бойынша халықаралық мастер-классқа қатысты
2026 жылғы 22 мамырда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№1 қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында «Инсульт кезіндегі физикалық оңалту алгоритмі» тақырыбында халықаралық қатысумен мастер-класс өтті.
Іс-шараға С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің өкілдері, кафедра қызметкерлері, резиденттер, сондай-ақ медициналық оңалту саласында жұмыс істейтін мамандар қатысты.
Мастер-класс инсульттан кейінгі пациенттерді қалпына келтірудің заманауи тәсілдеріне, оңалтудың кезеңділігіне, физикалық қалпына келтіру әдістерін таңдауға, асқынулардың алдын алуға және пациенттердің өмір сапасын арттыру мәселелеріне арналды.
Іс-шараға халықаралық сарапшы ретінде ГАУЗ «Өңіраралық клиникалық-диагностикалық орталығының» оңалту жөніндегі бас маманы, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазан мемлекеттік медицина университеті Қосымша білім беру институтының нейрооңалту бойынша кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламалары білім беру курстарының жетекшісі Идиль Искандарович Табиев қатысты.
КазҰМУ атынан іс-шараға дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы, профессор Абылай Ниятұлы Баймаханов, Алматы қаласы ҚДБ штаттан тыс бас реабилитологы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Физикалық медицина және оңалту, спорттық медицина» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының докторы Айгүл Ахметқызы Түрекулова, кафедра қызметкерлері мен резиденттер қатысты.
Мастер-класс барысында қатысушылар инсульттан кейінгі пациенттерді физикалық оңалтудың негізгі қағидаттарын, қалпына келтірудің түрлі кезеңдеріндегі пациенттерді жүргізу алгоритмдерін, кинезотерапия мен емдік дене шынықтырудың практикалық аспектілерін, пәнаралық тәсілді және оңалту әлеуетін бағалау әдістерін талқылады.
Практикалық бөлімде мамандар клиникалық мысалдармен танысып, тәжірибе алмасты және заманауи инновациялық технологияларды медициналық оңалту саласына енгізу мәселелерін қарастырды.
Іс-шара аясында өткен дөңгелек үстелде инсульттан кейінгі оңалтуды дамыту, практикалық қадамдарды айқындау және пациенттерге көрсетілетін оңалту көмегінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ үшін мұндай кәсіби алаңдарға қатысу медициналық білім, клиникалық тәжірибе және халықаралық сараптаманы ұштастырудың маңызды бөлігі болып табылады.










