ҚазҰМУ оқытушысы «А.Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды
Тілдік пәндер кафедрасының професссоры міндетін атқарушы, ф.ғ.к. Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі министрлігінің «А.Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды.
Төлеубек Қизатұлы – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 1999-жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол – 1 оқулық, 4 оқу құралының, жүзден аса ғылыми, ғылыми-танымдық, публицистикалық және әдістемелік мақалалардың авторы, ҚР ДСМ жанындағы Терминологиялық комиссияның және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Терминологиялық комиссиясының мүшесі.
Төлеубек Қизатұлы медицина ғылымының қазақ тілінде дамуына зор үлес қосып жүр. Ол өзінің ғылыми, ғылымыи-танымдық және публисцистикалық мақалаларында қазақ тілінде медициналық термин қалыптастыру мен медициналық оқулықтардағы кемшіліктерді жою жолдары туралы сөз қозғайды. Қазақ тілінің тазалығын сақтау, халықаралық медициналық терминдерді қазақ тілінде бейімдеу мәселелерін халықаралық, республикалық конференцияларда және дөңгелек үстелдердерде ортаға салады. Оның «Денсаулық», «Жұлдыз» журналдарында жарияланған мақалаларында осы мәселелер көсемсөзшіге тән стильмен жалпы көпшілік қауымға жеңіл тілмен түсіндірілген.
Ол Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосының «Біз қалай сөйлейміз?» және «Сөз киесі» бағдарламаларында тіліміздің шұбарланып бара жатуының себептерін көрсетіп, көнерген сөздердің мағыналарын ашып, ұмытылып бара жатқан сөздерімізді сөздік қорымызға қайта қосу туралы өз ойларын бөлісті. Оның «Сөз киесі» бағдарламасына берген сұхбаты Қазақ радиосының «Алтын қорына» енгізілді.
Төлеубек Қизатұлы мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдері мен шетелдік студенттерге меңгертуде де үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Оның студенттері қазақ тілі бойынша өтетін олипиадаларда үнемі жүлделі орындарға ие болады. Шетелдік бірнеше студенті Қазақ радиосына сұқбат беріп, қазақ тілін қалай үйренгендер, қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің маңызы туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар ол ұлттық өнерді, салт-дәстүрді насихаттайтын көптеген іс-шаралар өткізіп, қазақ халқының өзіндік дара бейнесін танытуда келелі істерді атқаруда. Төлеубек Қизатұлының Құрманғазы атындағы Ұлттық Консерватория ұстаздарымен қосылып Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына орай өткізген «Бес ғасыр жырлайды», күй атасы Құрманғазының шәкірті, дәулескер күйші-копазитор Д.Нұрпейсованың туғанына 160 жыл толуына орай өткізген «Күй анасы», әнші-композитор, қазақ цирк өнерінің негізін қалаған Балуан Шолақ Баймырзаұлының туғанына 160 жыл толуына орай өткізген «Сұрасаң менің атым Балуан Шолақ», Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өткізген «Абай – дара, Абай – дана қазақта …» атты әдеби-музыкалық кештері студенттер бойына ұлттық рух беріп, ұлттық өнерге, ұлт әдебиетіне деген сүйспеншіліктерін арттырғанына сеніміміз кәміл.
Төлеубек Қизатұлы медицина ғылымын қазақ тілінде дамытуға зор үлес қосып жүрген ғалымдарымыздың еңбектерін насихаттап, оларды студенттермен таныстыру жолында да талмай еңбек етіп жүр. ҚР ДСМ жанындағы Терминологиялық комиссияның және С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ Терминологиялық көмиссиясының мүшесі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» А.Байтұрсынұлы атындағы «Саңлақ автор» төсбелгісінің, Денсаулық сақтау Министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісінің, А.Байтұынұлы атындағы «Алтын медальдің» және ҚазҰМУ «Алтын медалінің» иегері Ахметов Жауғашты Байназарұлымен өткізген «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кездесу кеші, сондай-ақ ҚР ДСМ жанындағы Терминологиялық комиссияның мүшесі және С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ Терминологиялық комиссиясының төрағасы, ҚР ЖОО-лар қауымдастығының А.Байтұрсынұлы атындағы күміс медалінің, С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ «Еңбек ардагері» төсбелгісі мен Күміс медалінің иегері Шәкенов Бауыржан Шәкенұлымен өткізген «Өмірін анатомия ғылымына арнаған азамат» атты кездесу кеші де студенттердің ғылымға, болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттырды деп нық сеніммен айта аламыз.
Төлеубек Қизатұлына шығармашылық табыс, зор денсаулық тілейміз. Университет беделені көтеретін үлгілі істерін бұдан әрі жалғастыра беруіне тілектеспіз.






