ҚазҰМУ студенттері қарттар үйінде мерекелік шара ұйымдастырды
2026 жылғы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласы, Бостандық ауданында орналасқан Demeu 1 қарттар үйінде мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлау, ардагерлерге құрмет көрсету және әлеуметтік қолдау мәдениетін насихаттау болды.
Мерекелік кеш ДДҰ бекіткен Тұрақты даму мақсаттарының №10 бағытына сәйкес «Ардагерлерді ардақтайық» тақырыбында өткізілді. Іс-шараны профессор Ә.Нұрмұхамбетов атындағы патологиялық физиология кафедрасының ассистент-профессоры А.Д. Куттыбаев және стоматология мектебінің 2-курс студенттері ұйымдастырды.
Кездесу барысында қарттармен еркін әңгіме жүргізіліп, олардың өмірлік тәжірибелері тыңдалды. Сонымен қатар студенттер концерттік бағдарлама ұсынып, ән айтып, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Іс-шара қарттардың көңіл күйін көтеріп, жылы атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Кеш соңында қарттар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің рухани маңызы жоғары екенін атап өтті.


