«ҚР нарығындағы отандық дәрі – дәрмек препараттарының үлесін 50% – ға дейін жеткізу керек» – ҚазҰМУ ректоры фармацевтика саласын дамытудағы басты міндеттерін атап өтті
Қазақ ұлттық медицина университетінде Фармация мектебінің түлектеріне дипломдар табыстау салтанатында университет ректоры Марат Шоранов фармацевтика саласының болашақ мамандарының алдында тұрған өршіл міндеттерді атап өтті. Ол «Дені сау ұлт» ұлттық жобасында фармацевтерге ерекше рөл берілгенін баса айтты. Тұтастай алғанда, отандық дәрілік препараттардың өндірісі үш жыл ішінде 50% – ға дейін жеткізілуге тиіс.
«Мемлекет басшысы фармацевтикалық өндірісті қалыптастыру, отандық тауар өндірісін ұлғайту және оны 2025 жылға дейін еліміздегі барлық дәрі-дәрмектердің деңгейін 50% дейін жеткізу жөнінде нақты тапсырмалар қойды. Бұл тамаша міндет және ертең сіздер бар фармацевтикалық өндірістермен қатар, отандық фармацевтикалық өндірісті енгізіп, дамытатын ең сұранысқа ие мамандар боласыздар. Біз Президентпен бірге құрып жатқан жаңа Қазақстанда медицина қызметкерінің рөлі ерекше», – деді ҚазҰМУ ректоры.
Марат Шоранов елімізде фармацевтиканы дамытудың маңыздылығы коронавирустық пандемия кезінде бүкіл ел бойынша импорттық дәрі-дәрмектерді жеткізуде іркілістер байқалған кезде көрінгенін атап өтті.
«Біз бәріміз пандемияның 2 жылын бастан өткердік, тіпті онлайн режимде де білім алдық, әрине оңай болған жоқ. Сіздерге түсініктеріңіз, құлшыныстарыңыз бен ұмтылыстарыңыз үшін алғыс білдіргім келеді. Пандемия әсіресе отандық фармацевтикалық өндірісті дамытудың маңыздылығын көрсетті. Осыдан 2 жыл бұрын елімізде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде белгілі бір іркілістер болғанын естеріңізде болар. Ал, дәрігер ең алдымен сөзбен емдейді, ал екінші кезекте дәрі-дәрмектермен емдейді. Дәрі-дәрмексіз техникалық прогрестің одан әрі дамуын елестету мүмкін емес», – деп атап өтті Марат Шоранов.