ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мониторинг тобы ҚазҰМУ жатақханаларының дайындығын тексерді
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жатақханаларында жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Құрылыс бригадалары студенттік қалашықта жоспарланған барлық жұмыстарды жүргізу үшін тәулік бойы жұмыс істеуде. Бүгін ҚР ҒЖБМ мониторинг тобы жатақханалардың оқу жылының басталуына дайындығын тексерді. Мониторинг тексеру барлық студенттік жатақханалар бойынша жүргізілді. ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов ең ескі №1 және №2 жатақханалардың қайта жаңарту тұжырымдамасымен таныстырды.
Айта кетейік, бұл жатақханалар биыл күрделі жөндеуден өтуде. Қазір әр қабатта жаңа заманауи душ және санитарлық тораптар болады, студенттерге модернизацияланған холл мен қонақ бөлмелері дайындалды. ҚазҰМУ-дың қалған жатақханаларында косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал күрделі жөндеу жұмыстары келесі жылға жоспарланған. Жатақханаларды қайта құру ҚазҰМУ басқарма төрағасы-ректоры Марат Шорановтың бастамасымен, сондай-ақ оның бақылауымен жүргізіледі.
Сондай-ақ, биылғы оқу жылында Радостовца көшесі 74 мекенжайында №9 жаңа жатақхана ашылады. Барлық жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 25 тамызға дейін аяқталады.
Жатақханалардан орын алудың барлық мәселелері бойынша Дағдарыс орталығына жүгінуге болады.
Жауапты:
️ Бекжанов А.Ж., тел. 8-702-222-22-15. Каменов С., тел. 8-747-141-22-39