ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІНІҢ ҰЗАРТЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Құрметті университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы!
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ медицина және денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған Университетішілік гранттар конкурсына (УГК) қатысу үшін өтінімдер қабылдау 2025 жылғы 20 қаңтарға дейін (қоса алғанда) ұзартылғандығы туралы хабарлайды.
Университеттің Университетішілік гранттар 3 (үш) жыл мерзімге беріледі. УГК шеңберіндегі 1 (бір) жобаның ең жоғары сомасы 20 млн. теңгеге дейін құрайды. Конкурсқа Университеттің кафедраларының, мектептерінің және басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері және Университеттің магистратура, докторантура және постдокторантура бағдарламалары бойынша білім алушылары қатыса алады.
Өтінімдер конкурстық Заявка на конкурс каз___1733826097.6740546 (2)құжаттамаға сәйкес ресімделеді.
Өтінімдер қағаз түрінде беріледі (өтінім тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен тігіледі, бекітіледі және жоба басшысының қолымен, мектептердің мөрімен куәландырылады және бір конвертке мөрленеді) және екі данада электрондық (флэшка) тасығышта келесі мекенжайы бойынша тапсырылады:
Эндауменд қордың ғимараты, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Бөгенбай батыр 151 көшесі.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Өтінішті ресімдеу және беру бойынша анықтама телефондары: 8-338-70-90, ішкі. 7110