8 шілде – Дүниежүзілік аллергиямен күрес күні
8 шілде – Дүниежүзілік аллергиямен күрес күніне орай С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасында ақпараттық-профилактикалық іс-шара өтті.
Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жанат Бақытқызы Испаева аллергиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау және заманауи диагностикалау мәселелері бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында аллергиялық ауруларды диагностикалауда қолданылатын зертханалық зерттеу әдістері таныстырылып, иммунологиялық талдауларға арналған веноздық қан алу кезеңдері көрсетілді.





