КазҰМУ Кәсіби бағдар беру бойынша форумында
ҚазҰМУ-дағы кәсіби-бағдар беру жұмысы
ҚазҰМУ Кәсіби бағдар беру бойынша форумында
2017 жылдың 27 қаңтарында Алатау ауданындағы №182 жалпы білім беру мектебінде (Алғабас ы.а.) ҚР жетекші ЖОО-ның қатысуымен Алматы қаласы Алатау ауданының жоғарғы сынып оқушыларына арналған Республикалық «Современное образование» журналының редакциясы мен Алматы қаласының білім беру басқармасының ұйымдастырумен оқу орындарының көрмесі және кәсіби бағдар беру бойынша форум өтті.
Университеттің Республикалық «Современное образование» журналының редакциясымен бірлескен жұмысы шеңберінде Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасынң қызметкері Абжанова К.К., «Жалпы медицина» факультетінің өкілі – «Балалар аурулары» кафедрасының ассистенті Адилбекова И.М., «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің өкілі – «Еңбек медицинасы коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсымен» кафедрасының доценті Арынова Г.А., «Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультетінің өкілі – тьютор Қараубаева А.А. аталған іс-шараға қатысып, Алатау ауданының жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кәсіби бағдар беру форумының қатысушыларына Университет факультеттері мен мамандықтары туралы толық ақпарат берілді, маман дайындау бағыттары, ҚазҰМУ-ге құжат тапсыру ережелері және оқуға түсу туралы кеңестер беріліп, Университет жайлы ақпараттық материалдар таратылды. Оқушылар Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының мамандары мен университет оқытушыларына өздерін қызықтыратын, толғандыратын сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптарын алды. Осылайша, оқушылар – болашақ абитуриенттер өздерінің болашақ мамандықтарын таңдауға тағы бір қадам жасады.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы