Қазақстанда медицина мамандарын дайындау бағдарламасы өзгереді
Елімізде медицина мамандарын дайындау бағдарламасы өзгереді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен халықаралық конференцияда айтылды. Жаңа жүйе стратегиялық серіктестік жобасы арқылы жүзеге асырылмақ.
Жетінші рет өткізілген «Университет күні» халықаралық конференциясына отандық дәрігерлермен қатар шетелдік оқытушылар қатысты. Басқосуда стратегиялық серіктестік аясында білім алу мәселесі талқыланды. Яғни шет елдерден білікті ұзтаздар шақыртылып, студенттер алмасады. Сондай-ақ балалар дәрігерін дайындау қайта қолға алынатын болды.
Мақсұт Қамалиев, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы:
-Шет елдің озық оқу орындарындағы үздік ұстаздар біздің университетке келіп, дәріс оқып тұрады. Біздің мұғалімдер де шет елде тәжірибеден өтіп жүр. Сонымен қатар мұндай алмасу студенттер арасында да бар.
Медицина саласын дамыту үшін үкімет дүниежүізілік банктен 80 миллион доллар несие алған. Қаржының 30 пайызы болашақ дәрігерлерді стратегиялық серіктестік аясында дайындауға жұмсалмақ. Өткен жылы отандық алты медициналық оқу орны шетелдік үздік оқу орындарымен келісім жасапты.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Біріншіден, оқу бағдарламаларын өзгерту ойда бар. Халықаралық бағдарламаларды енгізуіміз керек. Екіншіден, жалпы осы университеттердің меңгеру, транспаренттік прициптерін енгізу, ғылыми жұмысын көтеру және осы білім беріп жатқан мамандардың сапасын көтеру көзделді.
Қазақ Ұлттық медициналық университеті осы уақытқа дейін 75 мың дәрігер дайындаған. Қазір мұнда 17 мемлекеттен келген 11 мың студент білім алады. Олар бакалавр, магистратура, резидентура және интернатура деңгейіне сай дайындалады.
Источник: http://khabar.kz/kz/news
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz