«Жемқорлық және жемқорлыққа қарсымыз» атты құқық күні
Университеттің жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес 8 сәуір 2015 жылы сағат 14.30-да дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасында «жемқорлық және жемқорлыққа қарсымыз» атты құқық күні өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мақсаттағы жұмыс жүргізген оқытушылар: Фадеева О.Ю., Жаксылыкова К.С., Сатубалдин Ж.Ж., Бауыржан Ж.
Іс-шараға қатысқан факультет студенттері: жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармацевтикалық факультеті, тіс емдеу факультеті.
Іс-шарада жемқорлық тақырыбындағы әлеуметтік роликтер көрсетіліп, әр роликтен талқыланып отырды.
Іс-шараға қатысқан студенттер саны: 300 адам.
Елдегі және университеттегі сыбайлас жемқорлық мәселесі жөнінде анонимді сауалнама студенттер арасында жүргізілді.
Студенттер жемқорлықтың қоғамға шынында зиян келтіреді деп есептейді!
Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасы