С.Ж. Асфендияровтың туылғанына 129 жыл
Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша 2018 жылдың 17 қазан күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Қазақ елінің болашағы үшін күрескен біртуар тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы, дәрігер, педагог С.Ж.Асфендияровтың туғанына 129 жыл толуына арналған еске алу мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Мерекелік іс-шараға, университет әкімшілігі, жастар саясаты басқармасы, ҚазҰМУ мұражайы, әскери кафедра қызметкерлері мен оқытушылары және Жалпы медицина мектебі, Халықаралық медицина факультетінің 1-2 курс студенттері қатысты.
Университеттің Стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры У.М. Датхаев, Қазақстан тарихы және гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Ғ.Т.Рсалдина, ҚазҰМУ мұражайының жетекшісі А.С.Саятова ғалымның өмірбаяны, жасаған еңбектеріне тоқталып, әрқашанда жастарға адамгершілік пен рухани байлықты құрметтеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыруларын баса айтып өтті.
Мереке соңында студенттер ҚазҰМУ мұражайының ішін аралап, С.Ж.Асфендияровтың өмірі жайлы түсірілген деректі фильмді және фото-суреттері ілінген тақтаны көріп тамашалады.