Кәсіптік жетістіктің кепілі — Салауатты өмір салты және терең білім алу
2019 жылғы 1 және 20 сәуір аралығындағы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының шығуына арналған іс-шараларына орай өткізілген дөңгелек үстел тақырыбы: «Кәсіптік жетістіктің кепілі – Салауатты өмір салты және терең білім алу»
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебуде де, гимнастикамен айналысуда т.б. спортпен айналысу жатады. Ондағы негізгі идея студенттерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.
Осыған орай Университетімізде әр оқу жылында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жоспарлар жасалынып, оны іске асыруда көптеген іс-шаралар атқарылуда. Сондай іс-шаралардың бірі – топ студенттері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру кеңестері, семинарлар, спорттық сайыстар және т.б. өткізіліп отырады.
18.04.2019 жылы күні Фтизиопульмонология және №1 Хирургиялық аурулар кафедрасының кураторлары: Рақишева А.С., Есергенева Р.Т., Ахмеджанова Г.А. және «Жалпы медицина» мектебінің 4 курс студенттері ұйымдастыруымен ҚазҰМУ №6 аудиторияда дөңгелек үстел тақырыбы: «Кәсіптік жетістіктің кепілі – Салауатты өмір салты және терең білім алу» өткізілді.
Мақсаты: Студенттердің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, салауатты өмір сүру жағдайын қалыптастыру.
Фтизиопульмонология кафедрсасының профессоры Ракишева А.С. «Түберкулездің алдың алу» атты тақырыпта презентация жасап, дәріс оқыды. Студенттер өте қызығушылықпен тындап, сұрақтар қойылып, пікірталас жүргізілді.
№1 Хирургиялық аурулар кафедрасының кураторлары Есергенева Р.Т., Ахмеджанова Г.А. студенттерімен «Салауатты өмір қалыптастыру» атты тақырыпта презентация жасап, талқыланды.
«Жалпы медицина» мектебінің 4 курс студенттері топтар арасынан Абхари Шаукат, Кожабеков Санжар «Шылымның адам организмнің әсері және салауатты өмір қалыптастыру» атты тақырыпта презентация жасап, студенттерімен қызу талқылады.
Дөңгелек үстел «Кәсіптік жетістіктің кепілі – Салауатты өмір салты және терең білім алу» соңында студенттер тақырыпқа өз ойларын білдіріп, алғыстарын білдірді.