«Тіс жегісі және оның асқынулары. Стоматологиядағы инновациялар» Стоматологтардың Халықаралық Конгресі
C.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің 85-жылдығына арналған, «Тіс жегісі және оның асқынулары. Стоматологиядағы инновациялар» тақырыбындағы
Стоматологтардың Халықаралық Конгресі
13-15 мамыр 2015 жыл, Алматы, Қазақстан
Ұйымдастырушылар:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, KAZDENTEXPO ЖШС, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Стоматологиялық институты, Дипломнан кейін білім беретін Алматы стоматологиялық институты, Стоматологтардың бірыңғай Қазақстандық ассоциациясы, Қазақстан балалар стоматологтарының ассоциациясы.
2015 жылдың 13 мамырында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Стоматологиялық материалдар және жабдықтардың халықаралық көрмесі өтеді.
2015 жылдың 14-15 мамырында Алматы қаласындағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Қазақстандық 200 делегат, шетелдік 14 лекторлардың қатысуымен өткізілетін Стоматологтардың халықаралық конгресі өтеді. Конгрестің негізгі мақсаты – әлем елдері стоматологиясындағы үздік дәстүрлерді сақтай отыра, стоматологиялық аурулар деңгейін төмендету, Бүкіләлемдік стоматологтар федерациясы және Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының саясаты мен стратегиясын басшылыққа ала отырып, стоматологиялық көмекті жаңа тұрғыдан ұйымдастыру.
Бүгінде Қазақстанда балалар мен жасөсіпірімдер арасында стоматологиялық аурулар көрсеткіші 76%, ересек тұрғындар арасында 79,7%, ауыл тұрғындары арасында 87,21% болған, стоматологиялық қызмет бағаларының өте жоғарылығы туралы халық шағымы олардың сапалы стоматологиялық көмекке жүгінудің қол жетімсіздігін көрсетеді. Осыған байланысты, халыққа қызмет көрсетуші медициналық ұйымдарда тұрғындар, әсіресе балалар, жасөспірімдер, қарт кісілер арасындағы стоматологиялық ауруларды алдын-алу мәселесі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, 2011-2015 жылдарға арналған стоматологиялық қызметті дамыту концепциясында көрініс тапты.
2011 жылы стоматологиялық қызметті дамыту концепциясын құру және қабылдау жұмыстары бастау алған кезде:
– балалар мен жасөспірімдер арасында тіс жегі ауруы 97%-дан 76%-ға дейін төмендеді;
– 2014 жылы Қызылорда қаласында балалар стоматологиялық емханасы ашылды. Осы облыста бір жыл ішінде мектептерде 26 балалар стоматологиялық кабинеті ашылды, оның 13-і ауылдық жерде;
– 2014 жылы мектептерде 162, емдік-профилактикалық мекемелерде 434, әйелдерге кеңес беру бөлімшелерінде 62 стоматологиялық кабинеттер ашылды;
– ауылдық жерде тұратын балалар мен жасөспірімдер арасындағы стоматологиялық аурулар профилактикасы бойынша «Өмірлік мінсіз күлкі» ұлттық жобасы енгізілді.
Осы тұрғыдағы белсенді жұмыстарды Қазақстан стоматологтарының бірыңғай ассоциациясы жүргізуде. Ассоциация басшылығымен өндірістік нормативті-құқықтық құжаттар дайындалып, халықаралық конгрестер, шеберлік сыныптары өткізілді, Ассоциация аясында дәрігер стоматологтардың құқықтары қорғалып, стоматологиялық факультет студенттері және дәрігер-стоматологтар үшін халықаралық деңгейде тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған. 2013 жылдан «ассоциация үйі» болып, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Стоматология институты болғаннан бері, Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы дәрігер-стоматологтар арасында біліктілікті арттыру бойынша белсенді жұмыстар атқарып, аймақтарда стоматологиялық ауруларды анықтау және емдеу бойынша ғылыми жұмыстар жүргізіп келеді.
Стоматологтардың бірыңғай Қазақстандық ассоциациясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұлттық палатасымен тығыз байланыста жұмыс атқарады.
2015 жылдың 13 мамырында Қазақстанның әр аймақтарынан 6 маман қатысатын, 2015 жылдың ең үздік стоматолог-гигиенистін анықтау конкурсын өткізу жоспарлануда.
Конгресс жұмысы стоматологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуде жаңа технологияларды енгізумен жалғастырылады. Терапиялық, ортопедиялық, балалар және хирургиялық стоматологиясы, денталды имплантология, стоматологиялық аурулардың функционалды диагностикасы бойынша жаңа ғылыми жұмыстар таныстырылады.
Бағдарлама
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/тіс-жегісі-және-оның-асқынулары-стом/