Жыл сайын қанша қазақстандық жынысын ауыстыруға өтініш білдіреді?
Бүгінде азаматтар дене мүшесінің ұнамаған тұсын пластикалық операциямен алмастыруды әдетке айналдырып барады.
Осы орайда Қазақстандағы танымал маман Леон Дерябин кімдердің бұл әрекетке құмар екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Белгілі хирургтің айтуынша, жыл сайын Қазақстанда 4 адам жынысын ауыстыру үшін пышаққа жығылады екен. Десе де операцияның ішінде ең машақаты да көбі осы жұмыс көрінеді.
«Жыныс ауыстыру операциясы ең қиын жұмыстың бірі. Жыл сайын 3-4 адам осы мәселемен жүгінеді. Әрине, бұл жерде тек операциямен шектелмейтінін ескеру керек. Себебі жынысын ауыстырған адам қомақты қаржы жұмсайды. Бұл бір. Әрине, қанша теңге тұратыны құпия. Екіншіден құжатын өзгертеді. Десе де бұл құбылысқа ниет білдірушілер қатары көп», — дейді маман.
Оқи отырыңыз:
Сонымен қатар, ол Алматыдағы медицина бағытында білім алып жүрген студенттермен кездесуінде еркектер мен әйелдердің де ең жиі жүгінетін операциясын айтты.
Ер адамдар негізінен жыныс мүшесін ұлғайтуға жиі келеді. Нақты санын айту қиын. Бірақ қазіргі таңда ең көп жасалатын операция осы. Ал әйел заты жасару бағытында көз айналасын тартқызады, сонымен қатар көкірегін үлкейтуге құмар,