ҚазҰМУ-нің бакалавр бөліміне ауысу және қайта қабылдау
Құрметті білім алушылар!
«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» (Жалпы медицина-2 мектебі) бакалавр бөлімі «Жалпы Медицина» (4-5 курс) басқа білім беру ұйымдарынан, шетелден ауысқан және қайта қабылданатын білім алушылардың өтініштері 19.08.2022ж дейін ұзартылды.
Келесі құжаттар толық болуы қажет:
1 ЖЕКЕ КУӘЛІК көшірмесі (2 дана);
2 КУРСТАН КУРСҚА КӨШІРІЛУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ көшірмесі;
3 GPA баллы 3,0 төмен болмауы қажет (барлық оқу кезеңі үшін);
4 Транскрипт
Құжаттарды қабылдау: Алматы қаласы, Төле би к-сі, 88 (Сейфуллин даңғ. қиылысы), №4 оқу ғимараты, 1-қабат, кабинет. 121, 124.
Байланыс телефондары: +7 (727) 338 70 90, ішкі 7374, 7545.