С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай әдеби-музыкалық кеш өтті.
Үстіміздегі 2022 жылдың 08 қыркүйегі күні, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Қазақстан халқының тілдері күні және Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай әдеби-музыкалық кеш өтті. Кештің ұйымдастырушылары болып Жастар саясаты басқармасы, Жалпы медицина-1 мектебі, Тілдік пәндер кафедрасы қатысты.
Ұлт Ұстазы, ұлттық жазудың реформаторы, әдебиет зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталынып өтеді. Ғалымның 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөнінде жалпыреспубликалық жоспар әзірленген. Сол дайындалған жоспардың бір тармағы білім мекемелерінде, жоғары оқу орындарында А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту болатын. Осыған орай, біздің оқу орнымызда 1-2 курс студенттерінің қатысуымен әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында арнайы шақырылған қонақ, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы Ойсылбай Айсұлу Төреқұлқызы ғалымның тіл ғылымы, әдебиеттанудағы еңбектеріне, қайраткерлік істеріне, шығармашылығына кеңінен тоқталып өтті. Іс-шарада Тілдік пәндер кафедрасының доценті Т.Қ.Зайсанбаев, доцент Ф.Б.Кожахметова сөз сөйледі. Кеш барысында студенттер ақынның шығармашылығынан нақыл сөздер мен өлеңдерін оқып, Абайдың және халық әндерін орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шара соңында Жастар саясаты басқармасының бас маманы С.А.Апсаттарова кешті бірге ұйымдастырып өткізуде белсенді атсалысқан ұйымдастарушыларға, арнайы шақырылған қонаққа, қатысушыларға рахмет лебізін білдірді.
Жастар саясаты басқармасының
бас маманы С.А.Апсаттарова