КЕАҚ «С.Д Асфендияров Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде» шетел азаматтарын оқуға тарту және алып жүру бойынша көрсетілетін қызметті берушілерді таңдауға қатысуға өтінімдерді қарау комиссия отырысының қорытындысы.
2023 жылғы 30 мамырда ҚазҰМУ-де азаматтарды оқуға тарту және алып жүру бойынша көрсетілетін қызметті берушілерді таңдау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия қарауына 5 өтініш беруші компаниядан өтінімдер берілді: PSP International, Indasia Global, Qscience, ISM Edutech KZ, CIS Global Medical Education LLP.
Шешім:
- Келесі қызметті берушілерді іріктеуден өтті деп тану:
№ | Ұйымның атауы |
1. | PSP International |
2. | Indasia Global |
- Келесі қызметті берушілерді талаптарға сәйкес келмейді деп танылсын:
№ | Ұйымның атауы | Себебі |
1 | Qscience | т. 5.1 т/т 3 – қаржылық борыштың болуы |
2 | CIS Global Medical Education LLP | т. 4.2 т/т 2 – білім алушыларды орналастыру үшін үй-жайларды жалға алу шартында төсек-орындардың жалға берілетін саны көрсетілмеген |
3 | ISM Edutech KZ | т. 5.1 т/т 1 – құжаттар топтамасын/жиынтығын толыққанды ұсынбаған:
1) т. 4.2 т/т 2 – білім алушыларды орналастыру үшін үй-жайды жалға алу шарты-құжаттың көшірмесі ұсынылды; 2) т. 4.2 т/т 3 – банктің берілген үзінді көшірмесінде бір жыл ішінде ақша қаражатының қозғалысы жоқ; 3) т. 4.2 т/т 4 – қызметкерлермен еңбек шарттары ұсынылмаған |