Қазақ ұлттық медицина университетінде көз торының имплантты жасалды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Asfen.forum, жаңа ұрпақ-2023» аясында ұйымдастырылған технологияларды коммерцияландыру реакторы өтті. Жас ғалымдар келген бизнес серіктестерге ғылыми жобаларын көрсетті. Медицина ғылымы саласындағы 12 жоба бірлескен қаржыландыруға және одан әрі гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім беру үшін бизнесмендерге таныстырылды.
ҚазҰМУ фармацевтикалық, токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасының доценті Дмитрий Берилло көздің торлы қабығының макулярлы ісінуін емдеуге арналған имплантты ұсынды. Дүние жүзінде мұндай науқастардың саны 7 миллионнан асады. Бұл патлологияны емдеу қымбат – жылына шамамен 2 млн теңге. Бұл жағдайда науқастарда стресстің жоғары деңгейі бар. Олар жылына бактериялық ластану қаупі жоғары 9 инвазивті процедураны қажет етеді.
ҚазҰМУ-дың әзірлемесі процедуралар санын жылына 4-ке дейін қысқартуға мүмкіндік береді, имплант нарықтағыларға қарағанда әлдеқайда арзан. Бұл хитозан негізіндегі биологиялық ыдырайтын улы емес имплант. Полимерлердің бірегей құрамы 3 ай ішінде фармацевтикалық заттарды баяу босатылуына мүмкіндік береді, ал импланттың өзі баяу ериді.
Қазірдің өзінде ғалымдар патент алуға өтінім беріп үлгерді. Қазақстан нарығының көлемі 3 миллион долларды құрайды деп күтілуде. Өнім микробқа қарсы, ісікке қарсы болып табылады. Импланттың құны 140 мың теңгені құрайды. Жоба 2 жыл ішінде өтеледі күтіледі. Жобаның жалпы құны-250 миллион теңге құрайды.