Интернатура түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде интернатура түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Дипломдарды жалпы медицина интернатурасының 719 түлегі, 49 стоматология және 19 халықаралық факультет студенттері алды. Олардың ішінде жалпы медицина мектебінен 26 үздік және халықаралық факультеттен 2 үздік, 17 белсенді студент бар.
Диплом табыстау рәсіміне түлектер, ата-аналар, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері қатысты. ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов өз сөзінде медицина мамандарын даярлаудың жоғары сапасына тоқталып, университет түлектеріне деген сұраныс әрқашан өте жоғары екенін атап өтті.
«Бүгінгі түлектердің барлығын жарқын болашақ пен қызықты, жоғары айлық төленетін жұмыс күтіп тұрғанына сенімдімін. ҚазҰМУ әрдайым өз мамандарын мақтан тұтады. Тек сіздерден жұмыстың биік деңгейін ұстап тұруды сұраймын!», – деді Марат Шоранов.
Биылғы жылы 3500 мыңнан астам университет түлегі диплом алды және бітірушілердің жұмысқа орналасу деңгейі 98 пайызды құрайды. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қабырғасын қазақстандықтардан басқа әлемнің 31 мемлекетінің 3000-ға жуық өкілі екінші үйіндей көреді. 2023 жылғы Хирш индексі бойынша университет Қазақстанның ұлттық рейтингінің үздік бестігіне кіреді. 2019-2022 жылдары ҚазҰМУ қызметкерлері 689 мақала, оның ішінде Scopus журналына – 419, WoS журналына – 270 мақала жариялаған. Элиталық QS World University Ranking 2023-те 2462 әлемдік университеттер арасында ҚазҰМУ 651-700 позициясын иеленді.
Қазіргі таңда университетте 7 мектеп пен факультет, 70 кафедра, 4 университеттік клиника, 5 ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар, еліміздің Орал және Тараз өңірлерінде 2 филиалы, Алматы қаласындағы қалалық және республикалық медициналық ұйымдарында 140 клиникалық базасы бар. 89 білім беру бағдарламасы, оның ісінде 8-і бірлескен және 3 қосдипломды бағдарлама бойынша білім береді.
ҚазҰМУ-да ең ірі симуляциялық орталық, жаңа анатомиялық зал, сүйек мұражайы, стоматологиядағы практикалық дағдылар орталығы, қазақстандық және халықаралық рейтингтердегі жетекші позициялар, ең бастысы – Қазақстандағы ең үздік 15 мың студент білім алады.