С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында «Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары үшін инклюзивті оқытуды енгізу» Көктемгі мектебі басталды
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында 2024 жылдың 4 сәуірінде «Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары үшін инклюзивті оқытуды енгізу» Көктемгі мектебі басталды.
Тренингке университеттің 60 қызметкері қатысты. Проректор Ж.А.Қалматаева құттықтау сөз сөйледі. Модератор Измайлова С.Х. Көктемгі мектеп спикерлерімен таныстырды:
– Риклефс В. П. – «ҚМУ» КЕАҚ медицина ғылымдарының кандидаты, AMEE зерттеу комитетінің мүшесі,
– Усатаева Г. М. – медицина ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры.
Баяндамашы В.П. Риклефс «Инклюзивтілік және инновация арқылы медициналық білім беруді трансформациялау: AMEE 2023 тәжірибесі» тақырыбында теориялық тренинг ұсынды.
Үзілістен кейін Көктем мектебінің жұмысы екі топта жалғасты.
Бірінші топ инклюзивті білім беру бойынша оқуын жалғастырды. «Жоғары оқу орындарында мүгедектерге қызмет көрсетуді дамыту (Erasmus+ DECIDE жобасы)» презентациясын спикер Г.М.Усатаева жасады.
Екінші топта қатысушылар – Білім беру бағдарламасы комитеттерінің және сапаны қамтамасыз ету комиссияларының төрағалары прогрессивті тестілеу бойынша оқуды бастады. «Тесттерді әзірлеу және прогрессивті тестілеу нәтижелерін талдау» презентациясын спикер В.П.Риклефс ұсынды.