ҚазҰМУ білім беру процесіне Coursera платформасындағы үздік оқыту бағдарламаларын интеграциялау
Қазақ ұлттық медицина университетіне Ғылым және жоғары білім министрлігі Coursera платформасында оқыту үшін 700 лицензия бөлді. Бұл 1 400 студентті курстарға жазуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, университет курстарды білім беру бағдарламасына енгізу бағытында дайындық жұмыстарын жүргізді.
«Біз бұл платформадағы оқу нәтижелерін толық мойындап, оларды біздің оқу бағдарламамызға есепке алу үшін дайындық жұмыстарын жүргіздік», – деп хабарлады Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Марат Шоранов тамыз конференциясында.
Сондай-ақ, Coursera платформасында әлемнің үздік жоғары оқу орындарында 680 оқытушы білім беру үшін 21 миллион теңге қарастырылған.