Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
1 қазан – Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күніне орай Фармация мектебінің химия кафедрасы 2024 жылдың қазан айының 1-4 аралығында «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» және «Адамның адамшылдығы – жақсы ұстаздан» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Оқытушы мен студент-шәкірт арасындағы өзара қамқорлық пен сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктіліктерін шыңдау әрекетіне баулу мақсатында кафедраның доценттері Сарова Н.Б., Ашимхан Н.С. және Абдурахманова Л.А. кураторлық ФӨТ 23-001; ФӨТ 23-002; ФӨТ 23-005; ФӨТ 23-006; ФӨТ 23-009; ФӨТ 23-010 топтар студенттерімен өзара пікір алмасты. Студенттің рухани құндылығын арттыруда оқытушы – ең жауапты міндетті және басты тұлға!