«ФАРМАЦИЯ МЕН СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА» ХІІІ-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз!
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Сізді С.Ж. Асфендияровтың 135 жылдығына арналған «ФАРМАЦИЯ МЕН СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА» атты ХІІІ-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Фармация мектебі мен стоматология мектебінің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы бірлесіп өткізіледі және білім, ғылым, бизнес және өндіріс өкілдерінің кездесуіне арналған алаң болып табылады.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТЕТІН КҮНІ МЕН ОРНЫ: 15 қарашаның 2024 жылы, «Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КЕАҚ (№4 оқу корпусы, «Фитотека» конференц-залы).
ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ: гибридті: бетпе – бет / онлайн режимінде бейнеконференция.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ: медицинаның фармацевтикалық және стоматологиялық салаларының білім беру, ғылыми-зерттеу және практикалық мәселелерінің коммуникацияларын дамыту.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ:
-фармацевтикалық және стоматологиялық қызметтің ұйымдастырушылық-экономикалық, реттеуші мәселелері және дәрілік препараттар нарығын маркетингтік зерттеу;
– стоматология, клиникалық фармация, фармакология және клиникалық фармакологияның өзекті мәселелері;
– дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, парафармацевтикалық өнімдерді және космецевтика өнімдерін өндірудің заманауи технологиялары;
-стоматологиядағы, стоматологиялық имплантологиядағы және жақ-бет хирургиясындағы жаңа технологиялар;
-дәрілік заттар мен биологиялық белсенді заттардың сапасын бақылау және стандарттау;
– дәрілік заттарды жасаудың теориялық және практикалық негіздері: жаңа дәрілік заттарды іздеу кезеңдері және даму процестері;
– университеттердің заманауи тұжырымдамасы шеңберінде фармацевтикалық және стоматологиялық салаларға мамандар даярлау;
– фармацевтика ғылымы мен бизнестегі жасанды интеллект.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін өтінімнің тіркеу нысанын мына сілтеме бойынша толтыру қажет: https://forms.gle/sbQzFT7Mf3ckaGKS8.
Тіркеу өтінімдерін, тезистерді және ғылыми мақалаларды қабылдау мерзімі – 2024 жылдың 31 қазанына дейін.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы,
050012, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 151
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КЕАҚ, Фармация мектебі және Стоматология мектебі: фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы; фармацевтикалық технология кафедрасы; инженерлік пәндер және тиісті практика кафедрасы; фармация және клиникалық фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономика кафедрасы; ботаника курсы бар фармакогнозия кафедрасы; биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы; химия кафедрасы; балалар стоматологиясы кафедрасы; ортопедиялық стоматология кафедрасы; хирургиялық стоматология кафедрасы; терапевтік стоматология кафедрасы; ортодонтия кафедрасы.
ТЕЗИСТЕР МЕН ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ
Тезистер мен ғылыми мақалалар С.Ж. Асфендияровтың 135 жылдығына арналған «ФАРМАЦИЯ МЕН СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА» атты XIII-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағында жарияланады.
Тезистер мен ғылыми мақалалардың мәтіндері ұйымдастыру комитетінің техникалық хатшыларына сілтеме бойынша ұсынылуы тиіс: https://forms.gle/sbQzFT7Mf3ckaGKS8
– Жусипбекова Шолпан Ерлепесовна, электронды нұсқада келесі мекен жайға: [email protected]. Ұялы тел.: 87011872045, (фармация секциясы).
– Хамитова Акжонас Ермековна, электронды нұсқада келесі мекен жайға: [email protected]. Ұялы тел.: 87024363952, (фармация секциясы).
– Төлегенқызы Айгерім, электронды нұсқада келесі мекен жайға: [email protected]. Ұялы тел.: 87074642804, (фармация секциясы).
– Еркибаева Жамиля Умурзаковна, электронды нұсқада келесі мекен жайға: [email protected]. Сот.тел.: 87779872527 (стоматология секциясы).
Тезистер мен ғылыми мақалалар дайындау
Тезистер мен ғылыми мақалалар орыс, ағылшын немесе қазақ тілдерінде қабылданады (А4 форматы), жоғарғы, төменгі және оң жақ жиектері – 2,0 см; сол жақ жиегі – 2,2 см, тақырыбы кіші әріптермен, парақтың бір жағындағы мәтін.
Компьютерлік теру: 1 бет (тезис үшін), 3-5 бет (ғылыми мақалалар үшін) 1,0 аралықта, қаріп өлшемі – 14 pt, теру форматы – WORD құжаты 6, 7, 8, 9 немесе 10 нұсқалары немесе rtf. Тек Times New Roman қаріпін пайдаланыңыз.
Тезис пен ғылыми мақаланы жариялау үшін төлем – 5000 теңге, деректеме бойынша жүзеге асырылады:
«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» тұлектер қауымдастығы РОО
0050012, Алматы қ., Төле би 94 көшесі Банктің ағымдағы шоты: ИИК: KZ666010131000122045 KZT KZ396010131000178209 Евро KZ396010131000178208 Доллары США Кбе 18 БИК HSBKKZKX БИН: 091040007937 Банк РНН 600 700 622275 «Қазақстан Халық банкі» АҚ «Halyk Bank» мобильді қосымшасы
|
«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» тұлектер қауымдастығы РОО
Мекен жайы: Қазақстан, Алматы қ., Төле би 88 көшесі Банктің ағымдағы шоты: БИН (ИИН): 091040007937 Банк: АО «Kaspi Bank» Кбе 18 БИК CASPKZKA Шот нөмірі: KZ86722S000034175177
|
|||
Тезисті рәсімдеу үлгісі
СОҢҒЫ ЭЛЕМЕНТТЕР ӘДІСІМЕН КӨП ҚАБАТТЫ ТАҚТАЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ
мед. ғ. канд., доцент И. И. Иванов фарм. ғ. д-ры, проф. О. Л. Петров
С.Ж. Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Тезис мәтіні… Тезис мәтіні… Тезис мәтіні… |
||||
Ғылыми мақаланы рәсімдеу үлгісі
ӘӨЖ
БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫҢ КӨЗІ РЕТІНДЕ ТӨРТ БӨЛІМДІ РОДИОЛАНЫ (RHODIOLA QUADRIFIDA) ЗЕРТТЕУ
мед. ғ. канд., доцент И. И. Иванов фарм. ғ. д-ры, проф. О. Л. Петров
С.Ж. Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Түйіндеме (орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде): 50 сөзден аспауы керек. Кілт сөздер Түпнұсқа зерттеудің (байқаулардың немесе эксперименттердің) нәтижелерін қамтитын түйіндемеден кейін (орыс, қазақ немесе ағылшын тілдерінде) келтірілген мақала мәтіні бөлімдерге бөлінеді: Мәселенің өзектілігі Зерттеудің мақсаты Зерттеудің әдістері мен материалдары Нәтижені талқылау Қорытынды немесе қорытындылау
Пайдаланылған дереккөздердің тізімі
1.Иванов А.В., Сидоров Г.А. Актуальные проблемы механизации АП // Сельский механизатор. – 2008. – Т. 1, № 1. – С.33-36.
«ФАРМАЦИЯ МЕН СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА« XIII–ші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ұйымдастыру комитеті: 1) А.К. Бошкаева, фарм, ғ.докторы, қауымдастырылған профессор, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, Фармация мектебінің ғылыми комитетінің төрайымы; 2) Г.Т. Ермұханова, м.ғ.д. балалар жасындағы стоматология кафедрасының профессоры, Стоматология ғылыми комитеттің төрайымы; 3) М.А. Алдашева, м.ғ.д., профессор, терапевтік стоматология кафедрасының меңгерушісі; 4) Г.С. Стабаева, м.ғ.к., хирургиялық стоматология кафедрасының қауымдастырылған профессоры; 5) А.Ж. Жаубасова, м.ғ.к., ортопедиялық стоматология кафедрасының қауымдастырылған профессоры; 6) Г. М.Тебенова, м. ғ. к., ортодонтия кафедрасының қауымдастырылған профессоры; 7) Т.М. Сухочева, терапевтік стоматология кафедрасының қауымдастырылған профессоры; 8) Ж.У. Еркібаева магистр, пост-докторант, балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті; 9) Ш.Е. Жусипбекова, PhD-доктор, инженерлік пәндер және тиісті практика кафедрасының доценті; 10) Э.А. Серикбаева, PhD-доктор, фармация және клиникалық фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономика кафедрасының доценті; 11) А.Ш. Амирханова, PhD-доктор, фармацевтикалық технология кафедрасының доценті; 12) А.Е. Хамитова, медицина ғылымдарының магистрі, ботаника курсы бар фармакогнозия кафедрасының лекторы; 13) Ә. Төлегенқызы, техника ғылымдарының магистрі, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ассистенті. |
||||