С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ассистенті лауазымына конкурс жариялайды
Ұйымның мекен жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94,
Бос лауазымның атауы: Кафедра Ассистенті:
- Ортодонтия кафедрасы – 0,75 бірлік.
Лауазымдық жалақысы: 240 000 тенге – ден бастап
Ассистент лауазымының міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
Студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын (дәрістерден басқа) ұйымдастыру және өткізу; білім, ғылым және инновацияларды интеграциялауды ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бакалавриат білім алушыларымен кері байланыс орнату; оқу сабақтарын өткізуде кәсіптің ерекшелігін (оқыту бағыты бойынша) ескеру мамандықтағы инновацияларды оқу процесіне экстраполяциялау (жоғары білім беру бағыты бойынша).
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды/шығармашылық жобаларды орындауға қатысу; ғылыми Нәтижелілік пен жариялау белсенділігін арттыру; бакалавриат білім алушыларының зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізу; бакалавриат білім алушыларының ғылыми-зерттеу/ғылыми-шығармашылық қызметі мен жарияланымдық белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану.
Оқу-әдістемелік жұмысты жүргізу және әдістемелік құзыреттілікті дамыту; кәсіби біліктілікті арттыру; бакалавриаттың семинар/практикалық сабақтарын өткізу кезінде пәндік салада психологиялық-педагогикалық білім мен білімнің интеграциясын қамтамасыз ету; оқытудың заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларын қолдану.
ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасын және ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту; білім алушылардың азаматтық және кәсіптік белсенділігін арттыруға ықпал ету; академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау; білім алушылардың таңдаған кәсібіне тұрақты қызығушылығын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтау.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл: білім алушылармен, әріптестермен және ЖЖОКБҰ қызметкерлерімен оңтайлы коммуникациялар құру; әріптестермен және ЖЖОКБҰ қызметкерлерімен командада жұмыс істеу; Білім алушыларды Қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту; жұмыс берушілерді болашақ мамандарды даярлау процесіне тарту; дайындық бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; әр түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.
Ассистент лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
- «Маман» біліктілігі бар жоғары білімнің және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы (ғылыми-педагогикалық магистратура / резидентура);
- Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификаттың (куәліктің) болуы және клиникалық кафедралар үшін – кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша маман сертификатының қосымша болуы (уәкілетті мемлекеттік орган берген, жеке тұлғаға нақты бір пән бойынша Медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін белгіленген үлгідегі құжат мамандықтар);
- Ағылшын тілінде оқытатын топтарда сабақ жүргізу үшін ағылшын тілін меңгергені және TOEFL – 525, IELTS – 5,5, TOEFL, IELTS немесе шетелдік жоғары оқу орнының ағылшын тіліндегі білімі туралы құжаты болғаны жөн.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі (сыртқы қабылдау):
- Фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады (көшірмесі);
- Шетелдік азаматтар ҚР-да тұруға ықтияр хаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Психиатрия, наркология диспансерлерінен есепте тұрмайтын туралы анықтама;
- № 075/у «медициналық анықтама» нысаны, флюорография;
- Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
- Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат(кемінде 36 сағат көлемінде);
- Оқытылатынпәндербейінінесәйкессоңғы3жылдакемінде72сағаткөлеміндебіліктіліктіарттырутуралысертификат(куәлік)
11.Соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері) (сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі және т. б.)
- Оқу бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы – пәнді оқыту әдістемесі (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын, регламент – 7 минутқа дейін).
ҚазҰМУ-да жұмыс істейтін адамдар үшін конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
- Басқарма Төрағасы-ректордыңатынаөтініш(1корпус,104кабинет)
- Соңғы5жылдағықызметнәтижелері(жекежетістіктері): соңғы3жылдағыбіліктіліктіарттырутуралы, ғылымитағылымдамадан өту туралы сертификаттардыңкөшірмелері және т. б., негізгіғылыми,оқу-әдістемелікжұмыстарменөнертабыстардыңтізімі, ағылшынтілібойыншасертификаттаржәнет. б.)
- Профессордың,қауымдастырылғанпрофессордың,лектордың,ассистенттіңбослауазымдарына орналасуға арналғаноқубағдарламасы бойынша жобаның, ғылымиқызметкерлердіңбослауазымдарына орналасуға арналған ғылыми-зерттеужұмысыныңжобасыныңпрезентациясы(электрондықтүрде,көлемі10слайдтанаспайтын).
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады [email protected], [email protected]
Анықтама телефоны: 8-727- 3387080 ішкі. 7080, 7024, 7023,7021, 7236