Erasmus+ BERNICA бағдарламасының «Халықаралық күндер» аясында Ташкент медицина академиясында халықаралық конференция өтті
2025 жылғы 10–11 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасында Ташкент медицина академиясында Erasmus+ BERNICA бағдарламасының «Халықаралық күндер» аясында «Тамақтану және диетологияның өзекті мәселелері: халықтың әртүрлі топтарының тамақтану ерекшеліктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара нутрициология саласындағы мамандар мен ғалымдарды бір арнаға тоғыстырып, қоғамдық денсаулық және әртүрлі топтар үшін диетологиялық тәсілдерге басымдық бере отырып, заманауи жетістіктермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Конференцияда С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің атынан академик Т. Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Беисбекова Арайлым Қайратқызы қатысты. Конференция аясында қарастырылған негізгі тақырыптар қатарында спорттық тамақтанудағы ақуыздың рөлі, функционалды өнімдер мен биологиялық белсенді қоспаларды қолдану, қатар жүретін аурулар кезіндегі диетотерапия, созылмалы обструктивті өкпе ауруы мен эндокриндік бұзылыстар кезіндегі тамақтану ерекшеліктері болды. Бұл іс-шараға ҚазҰМУ-дың қатысуы университеттің нутрициология ғылымын дамытуға және халық денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған халықаралық бастамаларға белсенді қатысатынын көрсетеді.