С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті AQNIET және АКБА ұйымдарымен бірлесіп жаңа онлайн-курстарды іске қосады
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» және «Аналитика және корпоративтік басқару академиясы» ЖШС-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Аталған меморандумның негізгі мақсаты — денсаулық сақтау жүйесі мамандарын қолдауға, сапа мен инновацияға негізделген бірлескен білім беру, ғылыми және кәсіби бастамаларды дамыту.
Ынтымақтастық аясында тараптар онлайн-оқыту курстарын, телемедицина платформаларын бірлесе әзірлейді. Сонымен қатар, шетелдік сарапшыларды тарту, бірлескен дәрістер, шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізу қарастырылған. Бұл бағытта АКБА-ның инфрақұрылымдық мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылатын болады.
AQNIET пен АКБА өкілдеріне ҚазҰМУ-дың халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға, клиникалық база негізінде тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ ҚазҰМУ АКБА тарапынан ұсынылған бейресми білім беру бағдарламаларының жекелеген нәтижелерін тану мүмкіндігін қарастырады.