«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті » коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымына кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды
Лауазымның атауы: Басқарма төрағасы (лауазым сипаттамасы қосымшада)
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 120.
Есептілігі: Директорлар кеңесіне
Ұйымның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
- медициналық көмектің мынадай турлерін қоса, амбулаториялық-емханалық көмек, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, консультациялық-диагностикалық көмек, стационарлық көмек, стационарды алмастыратын көмек, жедел медициналық көмек, төтенше жагдайлардағы медициналық көмек, қалпына келтіре емдеу жэне медициналық оңалту түрлері бойынша медициналық қызметті қөрсету:
- білікті медициналық көмек: жалпы дәрігерлік практика, терапия, хирургия;
- терапиялық бейінді қамтитын (терапия, аллергология, гастроэнтерология, гематология, нефрология, кардиология, ревматология, пульмонология, эндокринология, неврология, терапевтік стоматология, реабилитология, кәсіби патология, еңбекпен емдеу, фтизиатрия, геронтология, гериатрия, гирудотерапия, емдік дене шынықтыру, диетология, рентгенология, Су-джок-терапия, қолмен емдеу, рефлексотерапия, гомеопатия, дерматокосметология, иммунология) және хирургиялық бейіндегі (жалпы хирургия, кардиохирургия, анестезиология-реаниматология, клиникалық трансфузиология, интервенциялық кардиология) мамандандырылған медициналық көмек;
- терапиялық және хирургиялық (жалпы хирургия, кардиохирургия, ангиохирургия, трансфузиология) бейіндерді қамтитын жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
- бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) зертханалық диагностикасы, жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулерді қосатын зертханалық диагностика;
- диагностика: радиологиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық, патологиялық анатомия;
- ғылыми-медициналық сараптаманы, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық сараптамасын қамтитын денсаулық сактау саласындағы сараптама сондай-ақ еңбекке жарамсыздық парағын беру және басқа жұмысқа ауысуға мұқтаж адамдарға еңбек ұсынымдарын ұзарту, санаторийлік-курорттық емдеуге іріктеy тұрақты еңбекке жарамсыздық белгілері бар адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама комисиясына жолдау;
- денсаулык сақтау саласындағы ғылыми қызмет, оның ішінде ipгелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге, республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламаларға қатысу, Қазақстан Республикасы денсаулык сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланатын ғылыми-медициналық бағдарламаларды жүзеге асыру;
- монографияларды, ғылыми еңбектердің жинақтарын, әдістемелік оқулықтарды, ұсынымдар мен Қоғамның бейіні бойынша басқа материалдарды басып шығаруға қатысу;
- Қоғамның бейіні бойынша республикалық, халықаралық ғылыми форумдар, конференциялар, съездер, семинарлар ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
- медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер, диагностикалау мен емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану;
- білім беру қызметіне қатысу, оның ішінде дипломнан кейнгі және қосымша кәсіби білім беру кіретін денсаулық сақтау саласындағы білім беруге, резидентура арқылы ішкі медицина саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды, оның ішінде алыс және жақын шетел мамандарын даярлауды жүзеге асыруға;
- Қоғам қызметінің негізгі бейіні бойынша республика өңірлерінің денсаулык сақату ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- Қоғамның ғылыми-практикалық қызметіне заманауи ақпараттық және телемедициналық технологияларды енгізуге қатысу;
- минералдық сулардың, емдік лайлар, минералдық тұздардың құрамы мен қасиетіне медициналық-биологиялық, органолептикалық, микробиологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық және радиологиялық зерттеулерді жүзеге асыру, ауруларды емдеу, медициналық оңалту және мақсатында алдын алуда пайдалану мүмкіндігі туралы бальнеологиялық медициналық қорытынды беру; кен орындары мен шаруашылық-ауыз судың оның ішінде Қазақстан Республикасының экологиялық жағынан жайсыз аумақтарындағы лайлы көлдердің, гидрохимиялық жағдайларын зерттеу, арбитраждық және басқа сынақтарды қамти отырып жоғарыда көрсетілген табиғи су-минералдық және лай объектілерді толық кешенді зерттеуді орындауды жүзеге асыру мақсатында курортология ғылыми орталықты ұйымдастыруға қатысу.
- Жарғысына сәйкес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Құжаттарды бұрын жемқорлық құқық бұзушылық әрекеті үшін жауаптылыққа тартылмаған және келесі біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық ниет білдірген азаматтар, сонымен бірге шетелдік азаматтар да тапсыра алады:
Білім:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «денсаулық сақтау»/»Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе Executive МВА (бұдан әрі – ЕМВА (Экзекютив ЭмБиЭй));
немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «денсаулық сақтау»даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
Жұмыс тәжірибесі:
Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы, соның ішінде:
- Қызмет ауқымы мен күрделілігі бойынша «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ-мен салыстырылатын компаниядағы жұмыс тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Компания қызметінде ауқымды қайта құруларды жүзеге асырудағы нәтижелі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласында нәтижелі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Компанияда озық технологияларды енгізу тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Пациентке бағытталған мәдениетті енгізу тәжірибесі.
Біліктілік, дағдылар:
- Стратегияны айқындау, бірнеше қызмет пен процесті жоспарлау және интеграциялау деңгейіндегі басқарушылық дағдылардың болуы;
- Медициналық қызметтерді тиімді көрсету, клиникалық базаны ұйымдастыру және персоналды дамыту саласындағы үздік тәжірибелер мен технологияларды меңгеру;
- Қызметті үздіксіз жетілдіру, бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласындағы біліктілік, бизнестің шұғыл және ұйымдық үлгілерін меңгеру;
- Ғаламдық салалық трендтерді білу, Қазақстан Республикасының және аталған ұйымның серіктес елдерінің нарық жағдайларын меңгеру;
- Жұмыс барысында басқа компаниялар мен бизнестің басқа салаларының озық тәжірибелерін пайдалана білу;
- Келіссөз жүргізу дағдылары (сендіре білу, өзара тиімді іске бағдарлау) және дамыған қарым-қатынас дағдылары (басшылармен және еңбек ұжымымен байланыс);
- Жергілікті және халықаралық деңгейде жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау желілерімен кең байланыс орнату (мүмкіндігінше)
- Ағылшын тілін еркін меңгеру.
Құзіреттіліктер:
- Күрделі мәселелерді шешу;
- Команда құру және дамыту;
- Кәсіби мамандарды іздеу және тарту;
- Өзара тиімді серіктестік құру;
- Өзгерістерді басқару;
- Көшбасшылық.
Үміткерлер келесі құжаттарды электронды және қағазға басылған түрде тапсырулары тиіс:
- Іріктеуге қатысу туралы өтініш;
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын ттілдеріндегі түйіндеме фотосуретпен;
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімі және кәсіби даярлығы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері;
- Жеке куәліктің (төлқұжаттың) көшірмесі;
- Белгіленген тәртіппен берілген сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама;
- Соңғы үш жылдағы қызметінің нәтижесі (жеке жетістігі);
- Акционерлік қоғамды алдағы 5 жылда дамыту болашағы туралы жоспары .
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 227 кабинет. Анықтама алу үшін телефон: 3387600 (7197), электронды пошта [email protected]
Сұхбат жүргізу уақыты мен орны:. Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 3 қабат
Ескерту. Бастапқы скринингтен (алдын-ала таңдаудан) өткен үміткерлер «ҚазҰМУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі бекіткен Комиссияда сұхбаттасудан өтеді.