«Жемқорлыққа жол жоқ!»
26.11.2025 оқу жылындағы Қалыпты физиология кафедрасы биофизика курсымен кафедрасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты университет деңгейінде іс-шара өткізілді. Іс-шара оффлайн форматында №7 оқу корпусының 8 – аудиториясында өткізілді. Іс-шараға Қалыпты физиология кафедрасы биофизика курсы мен кафедрасының меңгерушісі –Рыспекова Ш.О., Жалпы медицина-1 мектебінің деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары – Тагирова Р.Т., Жалпы медицина-1 мектебінің бас маманы Белимбаева Г.М, шақырылды. Іс-шараға кафедраның оқу ісі меңгерушісі Джусипбекова Б.А., Айтжанова Г.М., Артықбаева.У.С., Асан Г.К.,Кожаниязова А.Н., Шайхынбекова Р.М., Байболатова Л.М.,қатысты. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен Жалпы медицина-1мектебі,Стоматология мектебі 2 курс студенттері қатысты. Іс-шараны 2 курс студенттері, жүргізушілер:Аманбай Назерке,Мұхамбеталиұлы Дулат іс-шараны үш тілде жүргізді. Іс-шара Иса Абайдың орындауында «Балбырауын» күйімен басталды. «Сыбайлас жемқорлық деген не?» атты ақпараттық презентацияны Жалпы медицина-1 мектебінің М24-028 топ студенттері ұсынды.М24-028 және Т24-012 топ студенттері видеоролик көрсетті.Видеороликте жемқорлықтықтың шынайы көріністері мен оның салдарын адам тағдырына,қоғамға,болашаққа әсер ететін күрделі мәселе екенін түсінуге көмектесетін бейнелер болды.СТ24-012 топ студенті Алиасқар Аружан Абай Құнанбайұлы «Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» өлеңін мәнерлеп оқыды.СТ24-012 топ студенттері Ермекқызы Арайлым,Өмірзақ Саида,Төлеу Адина,Байгараев Арсен,Сапқожа Орынғали,Саутжанова Бақтылы «Пара берудің зардабы» атты қойылым қойды.Ары қарай М24-028 топ студенттері интерактивті ойынға өтті.Бұл ойында еліміздегі жемқорлық және оған күрес жайлы сұрақтар қойылып, көрермендерден жауап алынды, дұрыс жауапқа кішігірім сыйлықтар да болды. Сұрақ-жауап айдарынан кейін көрермендермен «Жемқорлықты азайту үшін біз не істей аламыз?» тақырыбында ойынды нақтылап,пікірталасқа өтті. Кейін сөз кезегі Жалпы медицина-1 мектебінің бас маманы Белимбаева Гульзира Мейрамгалиевнаға берілді. Студенттерге кафедраның сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің жұмысы,сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын айтып,жас ұрпақты жемқорлықсыз болашаққа жетелейтін жолдардан таймауды ұсынды.
Іс-шара барысында студенттер мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өз ойларын ортаға ашық салып,өз пікірлерімен бөлісіп, жемқорлық пен оның зардаптарымен күресу жолдарын айқындады. Іс-шара соңын Жалпы медицина-1 мектебінің 2-курс студенті Амангелді Нұрасыл «Адай» күйімен аяқтады.









