«Дағдарысты жарқын күлкімен қарсы ал» атты жоба бастау алды
«Дағдарысты жарқын күлкімен қарсы ал» атты жоба бастау алды
2016 жылдың 19 ақпан күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң «Concordia» театрында, Алматы қаласының ЖОО нан құралған «G38» атты ұйымының ұйымдастырумен бастау алған, Алматы қалаасының 1000 жылдығына арналған «1000 қайырымды іс» атты акцияның кезекті іс-шарасы болып өтті. Іс-шара барысында Ұлы Отан Соғысының ардагерлері,тАуған соғысының ардагерлері, жетім балалар, мүгедек балалар,таз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан балаларға арналған тегін медициналық тексеруден өту сертификаттары және тегін дәрі-дәрмек алуға мүмкіндік беретін сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар, «1000 қайырымды іс» атты акцияның аясында университетіміздің студенттік үкіметінің төрағасы Бөріхан Ерболаттың бастамасымен «Дағдарысты жарқын күлкімен қарсы ал» атты стоматологиялық жоба бастау алды. Іс –шара барысында стоматология институтының директоры,еліміздің бас стоматологы Есембаева Сәуле Серікқызы ортаға шығып, алдағы уақытта барлық қала тұрғындарына, кез-келген стоматологиялық емнің 50% жеңілдіктің, ал протезделуге 30% жеңілдіктің болатынын айтып өтті. «Дағдарысты жарқын күлкімен қарсы ал» атты жобаның мақсаты – Алматы қаласының барлық ЖОО студенттерінің ауыз қуысын тегін тексеріп, алдын-ала диагноз қойып, сонымен қатар стоматология институтына келіп 50% жеңілдікпен емделуге мүмкіндік беру. Осы орайда бізге қолдау көрсеткен Алматы қаласының әкімдігіне және тексеруге арналған,бір реттік пайдалануға болатын құрал жабдықтармен қамтамасыз еткен «Colgate» компаниясына алғыс білдіреміз. Жобаның жетекшілері стоматология институтының директоры,еліміздің бас стоматологы Есембаева Сәуле Серікқызы және стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы. Жоба авторы-университетіміздің студенттік үкімет төрағасы Бөріхан Ерболат. Жоба координаторы- стоматология факультетінің студенттік үкіметінің төрайымы Ермек Динара. Алдағы уақытта институтымыздың 4,5 курс студенттерінен арнайы құрылған топ ауыз қуысын тексеруді бастайды.