ҚазҰМУ-да «Таза Қазақстан» аясында көгалдандыру акциясы өтті
Бүгін С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында ағаш отырғызу акциясы өтті.
Іс-шараға университеттің Басқарма мүшелері, декандар және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысып, бірлесіп 20 шырша отырғызды.
Бұл университет кампусының болашағына қосылған шағын болса да маңызды үлес. Жасыл, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы орта қалыптастыру ортақ міндетіміз.
Отырғызылған ағаштар университетпен бірге өсіп-өркендеп, студенттерге, оқытушылар мен қонақтарға сая, таза ауа және көрік сыйлайды деп сенеміз.























