«Asfen Team» – Бішкектегі морфологиялық және іргелі пәндер бойынша IV Халықаралық олимпиаданың күмісі
2026 жылдың 14 мамырында К.И.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясының (Бішкек, Қырғызстан) қабырғасында морфологиялық және іргелі пәндер бойынша IV Халықаралық олимпиада өтті. Осы ойында С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ педиатрия мектебінің 2 және 3 курс студенттерінен құралған «Asfen Team» командасы қатысты. Біздің команда жоғары даярлық деңгейін, кәсіби білімін және командалық рухын көрсетіп, командалық есепте құрметті 2-орынды иеленді. Зияткерлік жарыста Қырғызстан, Қазақстан және Ресей Федерациясының студенттері қатысты. Олимпиада бағдарламасы мазмұнды болып, командалардың шығармашылық бейне таныстырылымын және іргелі пәндер бойынша блиц-тур қамтыды.






