«Биомедициналық зерттеуде қолданылатын компьютерлік модельдеу: ғылыми міндеттерді шешудің тәжирибелік мүмкіндіктері» атты семинар өткізілді
2026 жылғы 10 маусымда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Технопаркінің залында дәрілік заттарды клиникаға дейінгі зерттеулерде қолданылатын заманауи in silico әдістеріне арналған ғылыми-тәжіребелік семинар өтті. Іс-шара фармакология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Хайитова М.Д.-ның «Әлеуетті дәрілік заттарды зерттеудегі компьютерлік модельдеу және молекулалық докинг» бағдарламасы бойынша (В.Н. Орехович атындағы Биомедициналық химия ғылыми-зерттеу институты, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) ғылыми тағылымдамасының нәтижелері негізінде фармакология кафедрасы тарапынан ұйымдастырылды.
Семинар барысында әлеуетті дәрілік заттардың қасиеттерін компьютерлік болжаудың заманауи тәсілдері ұсынылды. Сонымен қатар, кафедра қызметкерлері Малкова Т.В. мен Трубачев В.В. жаңа қосылыстардың биологиялық белсенділігін, фармакокинетикалық сипаттамаларын және дәрілік қасиеттерін алдын ала бағалауға арналған PASS және SwissADME бағдарламаларының қолдану мүмкіндіктерімен таныстырды. Сондай-ақ аталған бағдарламаларды дәрілік заттарды әзірлеудің бастапқы кезеңдерінде қолданудың тәжіребелік мысалдары қарастырылды.
Қазіргі фармакология мен медициналық химиядағы компьютерлік модельдеудің ең сұранысқа ие әдістерінің бірі болып табылатын молекулалық докингке ерекше назар аударылды. Семинар аясында докинг жүргізудің негізгі кезеңдері, зерттелетін қосылыстардың биологиялық нысаналармен өзара әрекеттесуін болжау қағидаттары, сондай-ақ алынған нәтижелерді кейінгі эксперименттік зерттеулерді негіздеу үшін пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.
Өткізілген іс-шара оқытушылар мен жас ғалымдардың биомедициналық зерттеулерде, оның ішінде фармакология саласында қолданылатын заманауи цифрлық технологиялар туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті.








