Бағдарлама академиялық ұтқырлық бағдарламасы Erasmus+
Бағдарлама
ERASMUS+(KA171-2025-2028) бағдарламасы аясындағы оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ мен Люблин медицина университеті (Польша) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде әзірленді.
Осы бағдарламаның мақсаты – академиялық ұтқырлық арқылы серіктес университеттердің интернационалдандыру стратегиясын жүзеге асыру, білім мен дағдылар алмасуды қамтамасыз ету, жаңа биологиялық белсенді заттарды алуға және дәрілік препараттарды өндіру технологияларын жетілдіруге бағытталған бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуге ықпал ету, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық персоналдың кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады.
Бағдарлама сондай-ақ бірлескен жобаларды дайындау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға және ғылыми серіктестік аясында екі университеттің кафедралары мен зертханалары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Осы Бағдарлама аясында ғылыми-практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған экспедиция, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған:
- №1 дөңгелек үстел тақырыбы: «Development of New Formulations Based on Plant-Derived Compounds for Application in the Pharmaceutical and Cosmetic Industries»;
- №2 дөңгелек үстел тақырыбы: «Plant-Derived Compounds as Antimicrobials and Prebiotics – Their Significance in Applied Research».
Erasmus+ бағдарламасы аясындағы оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру университеттер арасындағы халықаралық қарым-қатынастарды дамытуға, сондай-ақ тренингтер мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін тәжірибеде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Medical University of Lublin (Люблин медицина университеті, Польша) және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Фармация мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамының халықаралық тәжірибесі, білімі және ғылыми әлеуеті осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін пайдаланылатын болады.
Бағдарлама аясында жоспарланған кездесуге Люблин медицина университеті тарапынан үйлестірушілер – профессор Anna Malm және профессор Izabela Korona-Glowniak, сондай-ақ ҚазҰМУ тарапынан үйлестіруші – Фармация мектебінің деканы, профессор Сакипова Зуриядда Бектемировна қатысады. Кездесудің модераторлары: ортодонтия кафедрасының меңгерушісі, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Кульманбетов Руслан Исатаевич және Ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының ассистенті Рахимова Наргиз Ахметжановна.
Тағылымдама өтетін орынның қысқаша сипаттамасы:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) миссиясы – заманауи озық білім беру, ғылыми және медициналық технологияларды интеграциялау негізінде денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау арқылы қоғамға қызмет ету.
Көзқарасы: медициналық білім беру жүйесінде халықаралық деңгейде мойындалған, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары көшбасшы болу; еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау; қызметтің барлық бағыттарына инновациялық технологияларды енгізу арқылы ғылым, білім және тәжірибенің бірлігін қамтамасыз ету; ұлттық медициналық ғылыми мектепті дамыту, дәстүрлерді сақтау және оны одан әрі жетілдіру.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) 1930 жылы құрылған және Қазақстандағы жетекші бейінді жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда университетте 10 000-нан астам білім алушы оқиды. Университет құрылымына «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Фармация» бағыттары бойынша мектептер мен факультеттер кіреді.
Университет құрамында 4 жеке университеттік клиника, 5 ғылыми-зерттеу институты мен орталығы бар, сондай-ақ білім алушылардың практикалық даярлығын қамтамасыз ететін 147 клиникалық базамен белсенді ынтымақтастық орнатылған.
БАҒДАРЛАМА
| № | Іс-шараның атауы | Іс-шара күні | Сағаттар саны |
| Бағдарламаның жоспарланған іс-шаралары | |||
| 1 | Люблин медицина университетінің (Польша) профессорлық-оқытушылық құрамының келуі, The PLAZA қонақ үйіне орналасуы.
Briefing for participants – болу бағдарламасы мен экспедицияның өту тәртібі бойынша қысқаша нұсқаулық жиналыс өткізу және практикалық жұмыстарды орындау бойынша міндеттерді бөлу. |
06.07.2026 |
2 |
| 2 | Erasmus+ (KA171-2025–2028) бағдарламасының тақырыбы: «Pharmaceutical Development and Applied Research: development of new formulations based on plant-derived compounds and bee products for their application in pharmaceutical and cosmetic industries»
№1 дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Development of New Formulations Based on Plant-Derived Compounds for Application in the Pharmaceutical and Cosmetic Industries» |
07.07.2026 |
8 |
| 3 | Қазақстан Республикасының Алматы облысына, Кіші Алматы шатқалына экспедиция | 08.07.2026 |
8 |
| 4 | №2 дөңгелек үстелінің тақырыбы: «Plant-Derived Compounds as Antimicrobials and Prebiotics – Their Significance in Applied Research»
Мастер-класс «Accelerating Natural Discovery: Leveraging Reaxys AI & Leapspace for Plant and Bee-Derived Formulations» |
09.07.2026
|
6 |
| 5 | Косметологияда қолдануға перспективалы өсімдіктер бойынша ғылыми зерттеулер мәселелеріне қатысты консультациялар өткізу | 10.07.2026 |
6 |
| 6 | Бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қорытындылау, алынған нәтижелерді талқылау және 06.07.2026–10.07.2026 ж. өткізу мерзімі бойынша ERASMUS+ (KA171-2025–2028) бағдарламасын орындау нәтижелері бойынша есеп дайындау. | 10.07.2026
|
6 |
| ЖАЛПЫ: | 36 сағат | ||
| *Erasmus+ Programme (KA171-2025–2028) академиялық ұтқырлық бағдарламасына «Pharmaceutical Development and Applied Research: Development of New Formulations Based on Plant-Derived Compounds and Bee Products for Their Application in Pharmaceutical and Cosmetic Industries» тақырыбы бойынша қатысу нәтижесінде бағдарлама қатысушыларына олардың қатысуын және білім беру бағдарламасын меңгергенін растайтын сертификат беріледі. | |||


